ВЕРНУТЬСЯ

Жөнделмес, ерлер,
жұмысың,
Кең ойлылармен
кеңеспей.
Кеңеспен сепкен
күрмегің,
Болмайды жеміс
жемістей.
Арнаның суы әл
бермес,
Жұрт жиналып
бөгеспей!
Бөгескен соң
тұрмайды
Түрленіп шалғын
көп өспей!
Бастарыңа бақ
қонбас,
Әлсіздерді
демеспей!
Олардың алсаң
алғысын,
Боларсың биік
дөңестей!
Сескенер сонда дұпаның,
Сенімен бойын
теңеспей!
Мал-мүлікке
масықпа,
Кедейлер адам
еместей!
Талайлар толып
төгілген,
Төңкерілген
тегештей!
«Тойған сайын
тәубе қыл!»
Айтқаныма
егеспей.
Қайратың қау
болғанмен,
Қазаң жетсе
қоймайды
Орныңнан жел
егеспей!
Аз өмірдің
ішінде,
Білмесіңді
бір-бірің
Жүріңдер, бектер,
елеспей!
Әр кезде ырза
емеспін,
Барлығың да бас
изеп,
Айтқаныма: «Е»
деспей!
Көріңдер, халқым,
бұл сөзді:
Қызылсырап
келгенде,
Сойдырып жеген
шинештей.