ВЕРНУТЬСЯ

(Бейімбет, Сәкен,
Сәбит, Ілиясқа)
«Келеді, - деп, -
қай кезде?»
Сендердің күттім
жолыңды.
Екі-үш рет оқып
көр,
Танысаңдар
қолымды.
Айтқандарым,
асылында,
Болуға тиіс
толымды.
Әрқашан беріп
тұрайын,
Газеттен маған
кідіртпей
Тұрсаңдар беріп
орынды
Сұлу боп шыққан
сөздер бар,
Құралай көз,
қиғаш қас
Қыз сияқты
форымды.
Орысшадан
басқадан
(Фарсы, араб, түркіден)
Роман тауып
беруге
Басамын жалпақ
мөрімді!
«Шахнаманың»
соңынан:
Кітап қып бөлек
басыңдар
Жастан жиған
қорымды.
«Арабы, фарсы
аралас
Екен» деп бірақ
бұл кезде,
Қайнатпаңдар
сорымды.
Абайдың да
сөзінің
Аят-хадис ішінде,
Оқып едім
көрінді.
Топжарған ақын
інілер,
Өздеріңе өтініш:
Қатарға қос
кәріңді!