ВЕРНУТЬСЯ

Күн туса, нұр
қашады айдан-дағы,
Жарлы жақсы,
қайырсыз байдан-дағы;
Бұрынғы қариялардан
қалған нақыл,
«Бұл сөздің
таптың, - деме,- қайдан тағы?»
Тұлпардың
тұқымының туымы бар,
Белгілі ат болуы
тайдан-дағы.
Алда - аға, артта
- іні жетіп тұрса,
Жігітке ол бір
құрал, сайман-дағы.
Деген бар:
«төртеу түгел - төрге шығар!»
Төрің сол - бақыт
құстың айналғаны.
Алтау боп - аузың
ала бола қалса,
Дұшпанға құл боп
анық байланбағы.
Кейбіреу сәл
бақытқа мас болады.
Шабақтай
шалпылдаған қайраңдағы.
Адамдық  иісіңе жұрт ағсап тұрсын,
Не керек,
қарыныңның құр  майланғаны?!
Көңіліне: «Мен де
адаммын!»  деп жүрген көп,
Кілегей майға
ұқсаған айрандағы.