ВЕРНУТЬСЯ

Мысалы: көзің -
гауһар, маржан - тісің,
Күндей-ақ шығып
келе жатқан - түсің.
Сүмбіл шаш,
сұңқар мойын, пісте мұрын,
Беріпті иілдіріп
айдай пішін.
Уылжын өне бойы
отырасың,
Асылдай ұстағанда
бір-ақ қысым.
Күмістей сымға
тартқан саусақтарын,
Сүйріктей судан
шыққан бәрі мүсін.
Қиғаш қас, оймақ
ауыз, ақық ерін,
Көргеннің көркің
кетер өртеп ішін.
«Арманым асылында
бар!» - дей алмас,
Жаныңда өткізген
жан жазбен қысын,
Қиялым, қатарыңнан
кейін қалмай,
Асылға ауыр баға,
қолыңды ұсын!
Жер соғып қалайда
да қалмаушы еді,
Бабында болып
тұрса ұшқан құсың.
Аңыңды аларма
екен, аңғар да тұр,
Сал-дағы солай
қарай көздің ұшын.
Естіден - еткен
үміт еш болмайды,
Ойдағы орындалар
айтқан ісің.