БҚО-да еңбек заңдылығын бұзудың 236 дерегі анықталды

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекциясы кәсіпорындар мен ұйымдарда 202 тексеріс жүргізіп, соның нәтижесінде еңбек заңдылығын бұзудың 236 дерегі анықталды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тексеріс қорытындысы бойынша кінәлі адамдарға 5,8 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Тексеріс барысында еңбекақыны уақтылы және толық төлеу бойынша 107 заңбұзушылық белгілі болып, 81 ұйғарым берілді. 44 жұмыс беруші 4 млн. теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Биыл өңірде қызметкерлердің пайдасына 237,3 млн. теңге өндірілді. Соның ішінде еңбек инспекциясының араласуымен 77 кәсіпорындағы тексеріске сәйкес 1262 қызметкерге 116,5 млн. теңге өндірілді. 49 кәсіпорынға қатысты қозғалған атқару өндірістері арқылы 61,7 млн. теңге өндірілді.

Банкрот болып танылып, оңалту ісі жүргізілген екі кәсіпорыннан 18,9 млн. теңге көлемінде жалақы берешегі өтелді.

Алдағы уақытта прокуратура органдары, мемлекеттік кірістер және әділет департаменттерімен бірлесе отырып, жалағы бережағын өндіру жұмысы жалғасатын болады. 

http://inform.kz
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.