БҚО мен Волгоград облысы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды (ФОТО)

Сочи қаласындағы Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының XII Форумы аясында өтіп жатқан «Агроөнеркәсіптік кешен саласында ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықтың перспективасы» атты мамандандырылған көрме барысында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Волгоград облысының әкімшілігі арасында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.    

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Сочиде Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының XII Форумы өтіп жатыр. Форум шеңберінде «АӨК саласында ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықтың перспективасы» мамандандырылған көрмесі өтуде. Оған Қазақстанның 10 облысы мен  Алматы қаласынан ауыл шаруашылығы саласындағы 60 кәсіпорын (Атырау - 5, Қостанай - 3, Павлодар - 4, Батыс Қазақстан - 5, Оңтүстік Қазақстан - 15, Шығыс Қазақстан - 4, Алматы облысы - 6, Ақтөбе - 2, Солтүстік Қазақстан - 13, Алматы қаласы - 3) қатысуда. Қызылорда облысы Ресей Федерациясымен ынтымақтастық жөнінде арнайы стенд әзірледі.

Қатысушылар қатарында негізгі министрліктер мен ведомстволардың жетекшілері, Ресей Федерациясы субъектілері мен Қазақстан облыстарының басшылары, ірі бизнес өкілдері бар. 

 

 

 

 

http://inform.kz/
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.