ВЕРНУТЬСЯ

Хас жорғадай тайпалы, сылаңдаған,Жыр тізгіні қолынан шығармаған,Өлеңінің шуағын елге шашып,Бойға нәрді жинаған мың арнадан. Абыл ақын сөзге еш тосылмастан,Күйкі тірлік үніне қосылмастан-Дұшпанының майып қып бар үмітін,Мерей сыйлап, сыйпаған досын бастан. Болмаса да өзгенің еш кемдігі,Ажарланған сеспенен, күшпен күніШонжарларың ақыннан қаймығыпты,Бәсең тартып міз бақпас үстемдігі. Қоңсысы боп әрқашан ақыл-нардың,Сойылын соққан ұлы батырлардың.Құртқан талай жүйкесін өрлігіменБаймағамбет сұлтандай пақырлардың.Кезі болмай еш жерде мүдіретін,Тіліміздің тасытқан құдіретін,Өткірлігін жетеге жеткізіпті,Қалмасын деп қызыл сөз тірі жетім. Асып түсіп айтқаны бір-бірінен,Даралықтың лебі есіп тірлігіненАбыл ақын келеді от боп ұшыпРух таратып мәңгілік түндігінен. Ұя сала алмастан жанына түн,Тау суындай тасқындап, ағылатын.Неше ғасыр өтсе де Жер бетіндеАдайдың бас ақыны – Абыл ақын!