ВЕРНУТЬСЯ

Жаз дәурені азайып қалғасын ба,Селдіреген жапырақ тал басында,Жер-ананың қойнына жөнеледі,Шайқалақтап ауаның арбасында... Алыс тартып, азайып жігер, қызық,Сар түсінен сарала жыр өргізіп,,Жапырақтар қоштаса қол бұлғайды,Жаз әлемнен біржола, күдерді үзіп... Жапырақтар...Сарыала жапырақтар...Әрбіріңде қаншама жатыр ақпар...Күнің өтіп барады-ау...Күнің өтіп,Шашу болып соңғы рет шашырап қал...Жапырақ тал басында селдіреген,Жаңа ғана бүр жарған өндір өлең...Жаз қызуы жасартып кетіп еді,Күз қазаны қуырып,Солды денең... Топырақтан қайта орнап сән басыңа,Айналарсың тіршілік жалғасына,,,Жер-ананың қойнына жөнеле бер,Отырып ап, ауаның арбасына...