ВЕРНУТЬСЯ

Бабалардан қалған бәрі –Ауа, жер, су, тірлігім,Сыйлады олар сезім отын,Жан жүрек пен Күн нұрын.Тарту еткен жарық дүние,Он сегіз мың ғаламды,Маған бейне солар Жердің ұстап тұрған кіндігін... Бабалардан қалған бәрі –Әдет-ғұрпың, салтың да,Айырбасқа жүрмейтұғын ешбір асыл,Алтынға.Кісілікті, киелі мен әулиені пір тұтқан,Қайталанбас қасиеті қалып қойған халқымда... Бабалардан қалған бәрі –Ән менен күй,Жыр, терме,Кішісіне – ілтипаты,Сый-құрметі -үлкенге.Ықыласты меймандостық,Инабатты, ибалыҚасиеттер қалды олардан,Арман болған сырт елге...Бабалардан қалған бәрі –Тілім,Дінім,Қонысым,Көркейткен де солар ту ғып туыстықтың өрісін.Бұл дүниенің сан қызығын тарту еткен өлшеусіз,Алдарыңда борыштымыз деп ұғамыз сол үшін. Бабалардан қалған бәрі –Соларменен бір қаным,Соның күйі - тартатыным,Соның әні – шырқарым.Есімдерің есімізде мәңгілікке жатталар,О, бабалар,Аруақтарың жебеп жүрсін ұрпағын...