ВЕРНУТЬСЯ

Антенналар – бұрымдар төбесінде,Мойнында,Ұзын, қысқа түрі бар,Енінің де, бойдың да.Ағайынды жандардай,Үйіріліп жағада,Сұлу үйлер жылап тұр,Жаңбырлы кеш қойнында... Жаңбыр бүгін жауды да,Бір қызықты көрді алап –Жалтыр асфальт үстінде тым асыға жорғалап,Маңғыстауға бітпеген пайда болып бұлақтар,Аяқтарды ілгері бастырмайды,Жолды орап.. Жаңбырлы кеш қалғиды,Бей-жай күйге бөленген,Тербетіліп әуенмен,Бір емес өлеңнен.Жоғарыдан себелеп,Көлшік болған тамшыларДоңғалақтан ұшады,Қайта өзгеріп,Төменнен... «Қандырсыншы шөлін бір,мынау алап»Деп тұр ма ең...Құйдың, жаңбыр, шелектеп,Кенезені кептірген...Шыт жаңа боп жуынған қарағанда қалама,Алып-ұшып жүрегім,Бала болып кеттім мен...                   ***Аптап қысқан қаланың-Тарылғандай тамыры,Бет шарпиды бар тұстан,Күннің ыстық жалыны. Өткір сәуле, қарасаң,Жанарыңды қариды,Емін-еркін көрсетпей,Шақырымнан арыны... Көшелерде   көбейіп,Әйнектердің жарқылы,Шапқылаған сәбидіңБаяулады қарқыны. Шашымызға сіңіріп,Күннің құрғақ иісін...Дүниеге қараймызКөзілдірік арқылы...Уақыт мүжіп, айналған,Жағасында тас құмға,Майда толқып,Сусиды табанымның астында.Құшағына теңіздің қойып кеттім,Алаңсыз,Бетті қари шыжғырған,Күн көзінен қаштым да... Аптап қысқан далада тарылған-ды тынысым,Күн шыжғырып,Көз қарып,Мандымаған жүрісім –Теңіз енді аймалап,Салқын,Сұлу ернімен,Әлдиледі тербетіп,Сылдыр,Сұлу күміс үн... Айналайын, табиғат,Теңізіңнен, шөліңнен,Бірде апшыны қуырса,Бірде рахат көрінген. Ыстық, суық сезініп,Ысылып біз келеміз,Қызығың да сонда екен,Қымбатсың да сонымен...