ВЕРНУТЬСЯ

Әже мен Ақ бота

Барақбайдың түйесі жоғалды. Кәдімгі жарбай інген. Арғы тегі буданнан жаратылған бұл жарықтық түйенің ішіндегі ең бір көріксізі болатын. Жарбиған ұсқынсыз денесін көтеріп тұрған аяқтары да адам көргісіз қисық-қисық. Нар түйенікіндей керілген кербез бітімнен ада осы малын Барақбайдың өзі де түк ұнатпайтын. Көрген сайын көңілі толмай, «ой, түрің құрысын» деп, ішінен бір сыбап алатын. Енді, міне, қырдағы ағасының малына қосып қойып отырған сол түйесі аяқ астынан үшті-күйлі жоғалды да кетті. Қанша айтқанмен, өз санатындағы меншігі емес пе, жарбай дегенмен де әйтеуір бала-шағаның ырзығы ғой.

Ұлдың орны

- Сен мені түсінбейсің бе деп қорқамын. – Талжібек әлдеқандай бір тың сөз бастар алдындағы әдетімен ұзын кірпіктерін бір қағып жіберді. Сонан соң өзінен жауап күте үнсіз тұрған Мейрамбектің көзіне тура қарағысы келмегендей қырындап кеткен.- Нені түсінбеймін. Не айтайын деп тұрсың?! – Жігіт үні назалана, таусыла шықты. Қыз сәл таңданғандай раймен қою кірпіктерін және бір қағып қойып, сұлу қоңыр көздерін бұған қарай төңкере жалт еткізді.- Менің ата-анамды өкпелеткен кезім жоқ.

Вадим

Таңертеңгі сағат тоғызды соқты. Дәл осы кезде ол күндегі әдетінше бесінші қабатқа көтерілген. Маңдайшасында «Бас дәрігер» деген жазуы бар есіктің алдында лифт жаққа тағатсыздана қараған үшеуді көрген. Олардың ересек екеуі түрегеліп тұр да, үшіншісі, он жеті жастар шамасындағы уыздай қыз екеуінің ортасындағы көтеріп жүруге ыңғайластырып жасалған орындықта отыр.«Тым жас екен», - деп ойлады бұл. Сол мезет ұзын еркектің серіктеріне «келді» деп, сыбыр ете түскенін құлағы шалды. Кеше өзіне жолығып кеткен қазақстандық механизаторды таныған.- Қызық ауыр науқас.

Сақыптың сыры

«Осы сен көрген сайын неге сырт айналасың?!» - Ол қабағы салбырап бұрыла берген мұның шынтағынан ұстай алды.  – Менің түк кінәм жоқ. Сенбейсің бе?!»Бұл оның жүзіне амалсыз қараған. Шамдай жанған қос жанар бұған айрықша жарқырай қадалып тұо екен. Оларды ап-анық көргендігі соншалық, оянғаннан кейін де біразға дейін көз алдынан кетпей жүрді.Иә, бұл түсі болатын. Мәлік одан кейін де біраз елеңдеп, мазасы кеткен. Бірақ мұның күткеніндей ештеңе де болған жоқ. Күндер бұрынғысынша ақырын сырғанап өте берді. Бұл таңертең сөлбірейіп жұмысына кетіп бара жатады. Кештетіп сөлбірейіп қайтып келе жатады.

Рұқсат қағаз

Кәмшат завод директорының қабылдау бөлмесінде ұзақ отырды. Іште өтіп жатқан жиналыс оған ұшы-қиырсыз, тіпті бүгін бітпейтіндей көрінді. Жазу машинкасын тынымсыз тықылдатқан хатшы қыздың көзін ала беріп, ішіне жиналған ыстық демін бір шығарып қояды. Сөйтеді де қайтадан отырады сарғайып. Біраздан кейін бұған да аздап бойы үйренейін деді. Бірақ манағы бір өрекпіген қобалжуы бәрібір басылатын емес. Неге соншалықты дегбірсізденеді?! Жүрегі неге сонша өрекпиді?! Бұрын-соңды мұндай үлкен адамның алдына кіріп көрмегендіктен бе?! Солай шығар-ау? Шамасы.

Страницы