ВЕРНУТЬСЯ

Жер қаны

Адыраспан, ащы жусан,Бауырында – құм шағыл,Көшіп жүрген шақтарында,Төбеде ойнап нұр-сағым,Сан мың метр тереңдікте алтын дария бұрқанып,Сан мың  ғасыр тепкілепті Жер ананың құрсағын... Боз жиденің тармақ талы,Жерге мәңгі бас ұрған,Бұйырғын мен боз бидайық,Ақ шөп ажар қашырған.Жүзген, жыңғыл,Түйесіңір,Сексеуіл мен құсқонбас,Сұғанақкөз көп дұшпаннан жұмақ кілтін жасырған... Сан мың метр тереңдіктенЖердің қанын емізген,Түсінікті,Дұшпандардың дала үмітін неге үзген.Перзентіне сақтаған ол ен байлығын өлшеусіз,Бір жүз отыз екі метр тереңде де теңізден...Далам менің одан өткен тапқырлықты таппаған,

Зейнептің киіз үйі

Ән салдырған Тастемір мен Досатқа,Көрік қосып осы атқа,Маңғыстауда,Он саусағы өнер күйін төгіткен,Бір келіншек тұрады екен Қошақта... Сүйіндірген ажарымен маңды әрі,Еңбегіне зейнет құйған таңдары,Зейнеп атты сол әдемі кеіншек,Аты шулы жылқышының жан жары... Кеуде толы сырларыңды бірге ұғып,Қуанысып,Той болардай,Дүрлігіп,Ол тоқыған басқұрлар мен бауларданҚарап тұрар бұлбұл сайрап,Күн күліп...Артық бейнет көрер бәлкім,Кім ермек,Ал келіншек қиял құсым түлер деп,Дала кейпін алашаға түсірсе-Көктем болып,Сыр шертеді гүл-өрнек... Бабамыздан қалған осы нақ мұраЗейнептің шын жанына тым жақты ма –Киі

Әбіш аға

Ұрпақтарды тамсантқан сымбат, нәpiҒұмырыңыз тiрлiктiң түрлi ақпары.Тәуелсiз ел төрiнде жарқырағанбұл ғасырдың Өзiңiз бiр мақтаны. Төккен шақта әуелi жыр нөпiр ғып,құдiреттi тәңiрiм күрт Өкiм ғып - ­ұлы жолдың басына айналыпты"Алтын шуақ" көмкерген "Бiр шөкiм бұлт". Тексiздiктi - адамға дұшпан атытеже, - дейтiн ұрпаққа нұсқа хаты."Шыңыраудың" тұңғиық тереңдерi,елжiреткен жүректi "Құсқанаты". Қойнауына тарихтың алып кiрiп,Құпия сырларына қанықтырып.Кеткендей сәулесiмен жан сарайды,"Уркер" мен "Елең-алаң" жарық қалып.Тiзгiндеген шақтарда ой - алыпты,Алуан түске сан сурет боялыпты.Замананың сыр

Орын аға

(Маңғыстаудың өнер бағбаны Орын Құлсариевқа) Орын аға орнын тапқан өнерден,Өнерімен өсіп-өніп,Көгерген.Күймен бірге күмбірлесе ол егер,Көзін алмай,Қол соғады көрермен... Мәңгі орнығу әуезді,Әсем тұғырға,Өнерменен егіз деген ұғым ба....Дирижер да,Күйші де өзі,Өнердің Еш түрінен жиренбеген ғұмырда...Орын аға,Жақсылыққа жаршысың,Үлгі болды өзгелерге қанша ісің...Қаншама жыл тер төктің сен татсын деп,Әр көкірек әсемдіктің тамшысын. Танылатын  көңілдерде жаз бары,Тіршіліктің сен оятқан аз ба әніҚаншама жыл тер төктің сен қалсын деп,Әр жүректе сұлулықтың саздары... Өнер десе өрге жүзер а

Маңғыстаулық ағалар

(Тілеген Өрісбаевқа) Мамықтай ақ көбігі бетінде ұйып,Қалатын бал шұбаты келін құйып,Отырса  -Маңғыстауда  әз ағалар,Сезінеді өзін патша,Жерін – биік... Демейді ауыл – шалғай, атым – арық,Машина, самолеті жатыр ағып.Керексе жылқыларын үйіріненАрқардай отырады атып алып... Ағызып еңбегімен бұлақ қырдан,Зейнеттен несібені сұраттырған.Сүйдіріп көкіректі сал самалға,Даланың дархандығын мұрат қылған...Келтірсе домбыраның құлақ күйін,Сұлу үн елестетіп бұлақ биін,Кеудені сұлу сазға толтырғанда,Оларға дүние құны бір-ақ тиын. Шұбатсыз жүрмейді,Емес шарапқұмар,Байлығын тауыспайды санап бұлар.

Страницы