ВЕРНУТЬСЯ

Суырыпсалма

Суырып сап, шегелеп,Көңілі өсіп от құмар,Ақын деген кереметСөзден семсер соқтырар. Шабыс хабар жеткізіп,Бәрібір деп қарт, балаңКөзі жанып, ет қызыпБәйгеден бас тартпаған. Жылт еткенде жан сырыЖақындатпай бір табан,Қарап тұрмын қарсыныҚиып түскен қылтадан. Жай отына шарпылып,Жалын болып бір шығар.Жұлқып қашып, шарт ұрып,Тістесуге құлшынар.Іліп түссе қармағыОйнап шығып күш кенен,Сөздің сырлы салмағыМәртебесін үстеген. Отырғанда көк құшып,Жанарында сан ұшқынШапқа кетсе от түсіп,Қозар шоғы намыстың. Қолпаштауға үйреткен,Етсе-дағы көпке елең,Ондай шақта түйдекпенШашырайды отты өлең. Дайын тұрса

Кілт пен қиял

Тербетіп түн мамықтай бесігінде,Теңізіне тыныштық батырады.Кілт салынған үйімнің есігіндеТіршіліктің бар күйі тоқырады. Бүкіл дүие тып-тыныш,Дала түнек,Әрбір есік күзетіп тұр аймағын.Әрбірінде бардай бір дара тілек,Құпиялар қымтаған шырайларын. Тып-тыныш әлемдегі шекаралар –Кілт салынған үйлердің есіктері.Әрбіреуі күтеді жеке хабар,Әрбірінің өзінше несіптері. Күн менен кілт шекара салды-дағы,Әр бұрышта жан біткен қалды бұғып.Бой жазып тек қиялдың арғымағы,Шекараның бәрінен қарғидынық.Көтеріліп барады қанатында,Ізгі ойлар, пәк сезім, жігерлі, ашық.Белгісіз жүрген күйдің санатындаСенімдердің

Өмір туралы

Өмір деген ойлағамКөл-дария деп бұрын менЕсептемей әуелгі шақтарымды сүрінген.Бәрін күтіп ертеңнен,Бүгінгі бос күндердіЖолбасы деп алдағы қиялыма жүгінгем. Мағынасыз сағаттар ғұмырдағы тамшы деп,Көкірегім  ертеңге сақтап жүрген ән шіреп,Аңғал-саңғал өткенім,Жол ортадан асыппын,Мысым енді құрыды өкініштен қамшы жеп. Ойдан, қырдан там-тұмдап,Жинаған бар білімдіТалғажау ғып,Дегенде бойым енді жылынды,Өтіп кеттік мәреден деген сөзді айта алмайҚашқақтайды ұстатпай уақыт деген жырынды..              ***Жуғанда батпан кіріңдіЖуыла алмай қырсығыпТонадың қанша күнімді Күлкісін күйбің тіршілік. Сағын

Қазақтың келіндері

«Ерке бала», «Кенжетай», «Мырза жігіт»,Дейді жеңге қайнысын ырза қылып.Инабат пен ықылас астарынан,Жанға жайлы ерекше бір наз ұғып. Әзілдесе тыңдайды қайынды ұйып,Сыр айтады қыз, жігіт жайында үйіп.Жақын одан жаны жоқ,Өбектейді,Бар тәттісін ұсына шайын құйып. Тайсақтайтын болмайды айла, амалы,Кішік жанға бірінші айналады.Кірпігімен көздерін көлеңкелеп,Жолын кеспей өткізіп қайнағаны.«Көсе аға» деп, болса егер сақал қырған,Талайларды күлкіге шашалдырған.Күйеуінің есімін ауызға алмай,«Өзіміздің үйдегі» атандырған. Түскен жерін шаттыққа қарық қылған,Оларға өмір сын күйін сан ұқтырған.Қабағынан

Теңіз әуендері

Күн сәулесі ойнайды бет жүзіндеСық-сық күліп,Жымыңдап кетті мүлде.Ғажайып келмес еді дәл осындай,Қолынан,Ең бір шебер,Ептінің де. Ойнайды толқын сұлу су бетінде,Міні жоқ жалт-жұлт еткен суретінде.Ол бейне мың құбылған келбетімен,Теңізді сұлулыққа үйретуде. Ойнайды мың сан толқын ырғатылып,Ажары көз тартатын сырға тұнып,Ұдайы жарқ-жұрқ еткен келбетімен,Иығын бір шығарып,Бір батырып. Барады әлдеқайда жағаласып,Күн күле қарайды оған қабақ ашып....Менің де от көңілім алып ұшып,Кеткендей соларменен араласып.           хххТып-тыныш-ақ,Толқын біткен сап бопты.Жаймашуақ,«Қойдық», - деп тұр ақ-көкті

Страницы