ВЕРНУТЬСЯ

Суырып сап, шегелеп,Көңілі өсіп от құмар,Ақын деген кереметСөзден семсер соқтырар. Шабыс хабар жеткізіп,Бәрібір деп қарт, балаңКөзі жанып, ет қызыпБәйгеден бас тартпаған. Жылт еткенде жан сырыЖақындатпай бір табан,Қарап тұрмын қарсыныҚиып түскен қылтадан. Жай отына шарпылып,Жалын болып бір шығар.Жұлқып қашып, шарт ұрып,Тістесуге құлшынар.Іліп түссе қармағыОйнап шығып күш кенен,Сөздің сырлы салмағыМәртебесін үстеген. Отырғанда көк құшып,Жанарында сан ұшқынШапқа кетсе от түсіп,Қозар шоғы намыстың. Қолпаштауға үйреткен,Етсе-дағы көпке елең,Ондай шақта түйдекпенШашырайды отты өлең. Дайын тұрса қалтадаҰтқыр жауап, тапқыр ой –Кеуіп тұрған аңқаңаТамып кеткен тәтті ғой. Бір-ақ шауып тастайтынСөзден балта саптайды ол.Бейғам күйің қашты айқын,Тамашаға батпай гөр...