ВЕРНУТЬСЯ

Жылы жерде бой күтіп, тәттіні ішіп,Баптанбаған, болмаған әккі, пысық.Жапан түзде мал бағып біздің қазақ,Қасқырменен үйренген қақтығысып... Қойшы атанған, кейде ынжық һәм жуасың,«Бері тарт,-деп тағыға- қанды басың,»Қақпан құрған сойылмен,Жекпе-жекте,Қасқыр соғып, майлаған қанжығасын... Малды ауылды торласа менмен бөрі,Басталғандай қиянат сергелдеңі.Бас тіктірген ажалға сол тағыны,Дода жасап мәз болған жеңгендері...Жекпе-жектің бітіріп шартына рух,Құмарынан шығады әркімі анық.Қолға түскен бөріні бір-бірінен,Дода-дода болғанша, тартып алып... Шежіре етіп, айтса егер мұны талмай,Бірі ерлік деп, қағады бірі таңдай.Көкпар жасап есіне алады әлі,Жекпе-жегін қазағым ұмыта алмай...