ВЕРНУТЬСЯ

Ой жүгіртсем айналама

Ақыл-теңіз, зұлымдық та шексіз-ақ,Өмір жібін олар қатар есті ұзақ.Бір-біріне тізгін бермей келеді,Жүзіне ақыл салмаса да еш сызат. Ақыл теңіз, шапағатты дарытқан,Әуеніне қолдау тауып халықтан.Ал зұлымдық бейкүнә пәк тірліктіңҚызығы мен қуанышын арытқан. Ой жүгіртсек айналаға тінткілеп,Шығар шақ аз жан семіріп, жұрт түлеп.Қайғырмайды екен шын-ақ жан семіріп, жұрт түлеп.Қайғырмайды екен шын-ақ ешкім деЗұлымдығым жазықсызды құртты деп... Әлде бітпей ақ, қараның сен, меніБола ма адам сезімінің ермегі-Таңдайында қалу үшін мәңгілікҰмытылмастай ащы тағдыр кермегі.                       ***Өмірге к

Өзен мұнайшыларының жыры

Саясынан тыныс тауып, тыншыған,Мұнаралар тал-қайыңдай сыңсыған.Аптап, ызғар кенішінде Өзеннің,Керек ылғи мұнайшыға шын шыдам. Мұнай мен газ – ұраным,Мұнай мен газ – жыр әнім.Сарқылмағай ешқашан,Алтын дария – бұлағым. Сан күресте дәмін татқан жеңістің,Өзен кені ұясындай тек істің.Құбырлары ақ тілектей айшықтап,Құшаққа алған асты менен Жер үстін. Өзеніммен егіз туып жарқын күн,Біреулерге жетіп, кейде артылдым.Үстем етіп, азат елдің мерейін,Ырыс, құты атана бер халқымның.

Абыл ақын

Хас жорғадай тайпалы, сылаңдаған,Жыр тізгіні қолынан шығармаған,Өлеңінің шуағын елге шашып,Бойға нәрді жинаған мың арнадан. Абыл ақын сөзге еш тосылмастан,Күйкі тірлік үніне қосылмастан-Дұшпанының майып қып бар үмітін,Мерей сыйлап, сыйпаған досын бастан. Болмаса да өзгенің еш кемдігі,Ажарланған сеспенен, күшпен күніШонжарларың ақыннан қаймығыпты,Бәсең тартып міз бақпас үстемдігі. Қоңсысы боп әрқашан ақыл-нардың,Сойылын соққан ұлы батырлардың.Құртқан талай жүйкесін өрлігіменБаймағамбет сұлтандай пақырлардың.Кезі болмай еш жерде мүдіретін,Тіліміздің тасытқан құдіретін,Өткірлігін жетеге жеткіз

Қашағанға

Құдіретті, күшті Алла, шыныңда да,Бірін сорлы жасаған, бірін данаПендесінің ішінен ҚашағанғаАян берген түсінде Қыдыр баба. Аян берген халқыңның ұлысың деп,Қозы бағып жүргенде күні үшін тек,Жалшы болып жүргенде жаны жүдеп,Үмітіне тағыпты күміс ілгек. Жаныңдағы жайнаған жалынды ұғып,Қасиетін беріпті дарындылық.Ықыласын аямай төгіпті АллаІзгілігін, пәктігін бәрін біліп.Жүрегіне күншуақ сіңіріпті,Дархан пейіл, зерделі ой бірігіпті.Даналығын халқының бойға жинап,Көркемдепті тамаша тіршілікті. Адамдықтың мерейін менсінбегенБетбақтықты өзгедей жеңсін немен.Орақ ауыз, от тілді ҚашағандарСопылардың

Мұнай – газдың сұлтаны...

(Жақсылық Смағұлұлына) Желтоқсанның сол күні,Ұмытылып,Өзге тірлік ол – пұлы,Тыныштықты құшақтаған бір ұлды,Әкеліпті,Тіршіліктің толқыны... Шөліркеген,Таңдайына ақ тамып,Жақсы сөзге жаны иіген,Шат халық,Карточканы жоя келген ұлына,Жақсылық деп,Ат қойыпты,Мақтанып... Атын қойған,Қуаныштан,Толғанып,Келешекке сұлу үміт жолданып,Сол балаға Жақсылық деп, Ат берген,Әлі күнгі мақтанады сол халық...Куә бұған талайлардың ақ басы,Куә бұған бақытты өмір бақшасы.«Өзенмұнайгазды» алып қолына,Атанды ол Жаңаөзеннің патшасы... Жетібайдың кезген талай кенішін,«Өзенмұнай» көрген талай жеңісін.Мұнай,

Страницы