ВЕРНУТЬСЯ

Саясынан тыныс тауып, тыншыған,Мұнаралар тал-қайыңдай сыңсыған.Аптап, ызғар кенішінде Өзеннің,Керек ылғи мұнайшыға шын шыдам. Мұнай мен газ – ұраным,Мұнай мен газ – жыр әнім.Сарқылмағай ешқашан,Алтын дария – бұлағым. Сан күресте дәмін татқан жеңістің,Өзен кені ұясындай тек істің.Құбырлары ақ тілектей айшықтап,Құшаққа алған асты менен Жер үстін. Өзеніммен егіз туып жарқын күн,Біреулерге жетіп, кейде артылдым.Үстем етіп, азат елдің мерейін,Ырыс, құты атана бер халқымның.