ВЕРНУТЬСЯ

Уақыт

Уақыт жайлы көп ойладым бас қатып –Қызықтым ба қайсар, жүйрік қалпына...Жүрмесе де табаныма тас батып,Қалып барам, қайырылмады ол артына... Білем, білем жеткізбейді ол тіпті де,Мұраты оның оза беру алқынып.Сен сияқты ол ізгіні көп күтті ме,Іздеді ме тірлікке мән шарқ ұрып... Сен сияқты бір қуанып, бір налып,Қайғырды ма жерге беріп жақынды.Жасып қалып, одан қайта шыңдалып,Көрді ме екен алты бөліп ақылды... Білем...

Емші екен бір-біріне адам деген...

Қандай күш бар, білдің бе, ғаламда ерен,Дүние, бар тұсыңа хабар берем –Емдейді екен бізді ізгі тілек,Емші екен бір-біріне адам деген... Тәтті сөз, көзқарасың, жақсы әңгімең,Дәрі екен таптырмайтын бақсам кілең.Ішқұса келіншектер баяғыдаЕмделген шығар, бәлкім, астаңғымен. Білдің бе,Қандай күш бар өмірде бұл...Себеді ол жаныңа – нұр,Көңілге – гүл.Сіңірсең жақсылардың шарапатын,Сергірсің,Ойың өсіп, терің кеңір. Күлме сен,Ойлама деп ойын бәрі,Хақ мұны әркімнің-ақ мойындары....Шынымен жүрген мүмкін сен шығарсың,Шипа боп бүкіл дертке бойымдағы...

Абайға

Талабы мен зердесі тамсандырған талайды,Тани алған ұлының ұлысына балайды.Санасына халқының саңылау болсам деп кеткен,Бір қазақтан туса да,Әлем білген Абайды. «Мыңмен жалғыз алысқан», қинар демей бұл ісім,Айыптапты жарамсақ күй кешкенді күні үшін.Күйкі тірлік,Мылжыңмен бос сандалған жастарға:«Өнер үйрен, - депті ол, - еңбек ет,Сол – ырысың». Надандыққа күйініп,Жалқаулықты мінепті,Талаптыға сүйініп,Арнапты ақ тілекті.Ұлы Абай ұлылық пірі екенін сезбестен,Қан жылаған жүрекпен қазақ мұңын жыр етті.Ұлы Абай!О, Абай!Зармен өткен ғұмырсың,Надандықпен алысып,Түнге айналған күнің шын.Тұрсың бізге ә

Күндер

Қымбат күндер ұясындай үміттің,Болар кейде ордасындай бүліктің.Өмір көшін өткергенде сендерден,Қалады екен,Тау суындай, тұнық кім... Кімдер жанын ұрындырмай ызғарға,Мұхиттағы кемелердей,Жүзді алға.Кім сапарын батады екен қаймықпай,Алдан күткен тұңғиықтар,Құз барда... Арман гүлін солдырмаған көп пе екен,Кімде жүрек  әуелгідей отты екен.Қандай адам көңілінің құсасынҚайта әкеліп өздеріңе төкті екен...Өмір жолы әрқашан да бұралаң,Жығылған көп, жолда қалған, құлаған.Бірақ тұрып үлкен жолдың бойындаЖеңілем деп ойламайды-ау, сірә, адам. Күндер, күндер...Бастан қанша өттіңдер,Қанша рет шаттығыма бө

Ұрпақ дәстүрі

Күндер зулап жандардай жарыстағы,Мазалап тіршіліктің таныс қамы-Жаз шығып,Жұрттың бәрі келіп жаттыЖүздесіп ағайынмен алыстағы. Білгелі халін жақын-жұратының,Бермеген баласына бұ да тыным.«Әке, менің кетуім қалай болмақАдам жоқта орныма тұратұғын?»- Деген сөзге бірақ тез тоқтады да,Сүйіне көз тастады «сотқарына»,Қыдырыстың қызығы естен шығып,Алаңдап тұрған іске, көп қамына.«Бәрібір ертсем маған жолға кімді,Жасаймын өзім-дағы сол қамымды.Балам-ау, білмей қалған екенмін-ауСенің де елге керек болғаныңды. Жазың бітіп, жетсе де күз де келіп,Қала ғой, бармай-ақ қой бізге еріп.Жөнеле бер, құлыным,

Страницы