ВЕРНУТЬСЯ

Қандай күш бар, білдің бе, ғаламда ерен,Дүние, бар тұсыңа хабар берем –Емдейді екен бізді ізгі тілек,Емші екен бір-біріне адам деген... Тәтті сөз, көзқарасың, жақсы әңгімең,Дәрі екен таптырмайтын бақсам кілең.Ішқұса келіншектер баяғыдаЕмделген шығар, бәлкім, астаңғымен. Білдің бе,Қандай күш бар өмірде бұл...Себеді ол жаныңа – нұр,Көңілге – гүл.Сіңірсең жақсылардың шарапатын,Сергірсің,Ойың өсіп, терің кеңір. Күлме сен,Ойлама деп ойын бәрі,Хақ мұны әркімнің-ақ мойындары....Шынымен жүрген мүмкін сен шығарсың,Шипа боп бүкіл дертке бойымдағы...