ВЕРНУТЬСЯ

Күндер зулап жандардай жарыстағы,Мазалап тіршіліктің таныс қамы-Жаз шығып,Жұрттың бәрі келіп жаттыЖүздесіп ағайынмен алыстағы. Білгелі халін жақын-жұратының,Бермеген баласына бұ да тыным.«Әке, менің кетуім қалай болмақАдам жоқта орныма тұратұғын?»- Деген сөзге бірақ тез тоқтады да,Сүйіне көз тастады «сотқарына»,Қыдырыстың қызығы естен шығып,Алаңдап тұрған іске, көп қамына.«Бәрібір ертсем маған жолға кімді,Жасаймын өзім-дағы сол қамымды.Балам-ау, білмей қалған екенмін-ауСенің де елге керек болғаныңды. Жазың бітіп, жетсе де күз де келіп,Қала ғой, бармай-ақ қой бізге еріп.Жөнеле бер, құлыным, ертеңінеЕңбек пен ерлік салған ізбен еріп. Айналдым ақылынан, санасынан,Адам боп ортақ іске жаны ашыған.Әйтеуір бейбіт күннің қамы ғанаАйырсын әкелерді баласынан!»