ВЕРНУТЬСЯ

Қыз намысы

Бір қылығы, бір сөзі, бір-ақ сәтте қас қағым,Хабар беріп үлгірер болмысынан қасқаның.Қалай-қалай әдемі әдіптеген қазағым,«Қыздың жолы жіңішке» деген сөздің астарын. Солар үшін жүректе уайым жиып зіл батпан,Барар жерің біреу деп, кіріп-шығар бір қақпаң.Иба сақтап алдында ықыласын жоғалтпай,Келінге айтып ақылын, қыздарына тыңдатқан. Қыз өсірген жылдарын деп есептеп қиын шақ,Жаны ауырар ата-ана күзетіпті үйін сақ.Әлі күнге отырар «арлы бол,-деп,- қарағым»,-Қыздарына қазағым қырық үйден тыйым сап. Күлу менен жүруде қойып оған көп талап,Балапандай баулыпты әлі ұшпаған көкқанат.Аналардың ибасын з

Дәмдестік

Үлкенді- аға, кіші-іні,Құрдасым деп жастыныСырласымын дос тұтып,Ұмытылып бас мұңы.Өз үйіндей көр келсең аунап-кунап,Жатсынба,Отауымда менің де қазағымның дәстүрі. Дастарханым жаюлы,Қашан келсең барым әзір,Суымайды қазаным, созылса  да таңға жыр.Әңгіменің дүкенін қыздыра отыр,Қысылмай,Дастарханы қазақтың сұрап тұрар дәмді әзіл. Шәйі көрпе төсеймін,Жастық тастап шынтаққа,Күй тыңдай тұр,Қуырдақ әзір болар мұрсатта.Жаныңдамыз,Қазір ең маңыздысы біз үшінҚонақ қамы,Өзгедей іс болмайды бұл шақта.Су құямын қолыңа,Жұмсақ сүлгі ұсынып,Жасым үлкен болса да,Қонақ үшін кішіріп.Еркелесең сыйымды дейін ер

Бәрі бірдей адамның

Бәрі бірдей, бәрі бірей адамның,Ей, шырағым, сөзге неге қадалдың...Біреуі тек өмір күйін шертеді,Біреуі тек құйыршығы заманның,Ал, әйтпесе,Бәрі бірдей адамның... Артықтығы жоқ ешкімнің ешкімнен,Артықпын деп,Келсін қанша сес қылғың.Адам болсаң,Уақыт салар таңбасын,Ескіртер-ақ,Келмесе де ескіргің... Иә, адамның бір-бірінен жоқ кемі,Қарсы келіп,Көбейтпейін өкпені.Тек біреуі көпке шашып сәулесін,Біреуінің у болады төккені,Ал, әйтпесе, бір-бірінен жоқ кемі...Жақсы, жаман әдет жаннан шықпай ма,Ұшып бүгін кетсең-дағы тіпті Айға.Қалған жоқ қой...Қалған жоқ бұл екі ұғым,Біреуінен таппасақ та түк пай

Қамшы

      (Әкем Нұрсапаға)Зіл жинаған бойына, сес сіміріп,Ессіз де келеді ол естіні ұрып.Сөз үйірсе қамшыдай ана аузыменЕкпінінен соның-ақ өстім ығып. Қамшы, дүре дегенді жойып халық,Дойыр, дырау қаруын қойыпты алып.Табы өшсе де арқадан кей кездеріКетеді әлі қамшы сөз сойып салып. Зіл жинаған бойына, сес сімірген,Қамшы айыбын қазағым кешті мүлдем.Қамшы үйіріп қатынды сабайтұғын,Қондырмайды қоңсы енді ескіні іргем. Жатады енді тып-тыныш сөре бойлап,Қызу қанды шақтарын, көнені ойлап.Сауырынан сәуріктің сыйпаса мәз,Жүретін шақ кетті алыс, төбеде ойнап.Үйіретін қасқырға аңшы-мерген,Қап-қар

Текемет

Жылдар қуып, кетседағы ескіріп,Әлі есте, қалған кезім ес кіріп –Текеметті жайып тастап, үстінеТөсек салып жүретінмін кешкілік... Аппақ киіз, қызыл өрнек әр жері –Ауыл үйге көрік берер сәнді еді.Қимылымды бағып менің сонда әкем,Отыратын әңгіме етіп әрнені. Содан кейін«Келші бермен, балам»- деп,Сүйер еді, өпкендей бір самал леп.Өн бойыма жылу тарар еді онда,Арналғандай бар ықылас маған тек...Аппақ киіз, қызыл өрнек көмкерген,Қызғалдақтай қыраттардан мен терген.Еске түссе, оралады ойға анам,Шаруа қамдар, тұрып алып ерте елден. Жинап тастап, түнде ұстаған ұршығын,Тығып сиыр бауырына тұмсығын,От

Страницы