ВЕРНУТЬСЯ

Қымбат күндер ұясындай үміттің,Болар кейде ордасындай бүліктің.Өмір көшін өткергенде сендерден,Қалады екен,Тау суындай, тұнық кім... Кімдер жанын ұрындырмай ызғарға,Мұхиттағы кемелердей,Жүзді алға.Кім сапарын батады екен қаймықпай,Алдан күткен тұңғиықтар,Құз барда... Арман гүлін солдырмаған көп пе екен,Кімде жүрек  әуелгідей отты екен.Қандай адам көңілінің құсасынҚайта әкеліп өздеріңе төкті екен...Өмір жолы әрқашан да бұралаң,Жығылған көп, жолда қалған, құлаған.Бірақ тұрып үлкен жолдың бойындаЖеңілем деп ойламайды-ау, сірә, адам. Күндер, күндер...Бастан қанша өттіңдер,Қанша рет шаттығыма бөктіңдер.Өтті кетті-ау өкініш, мұң арқалапОралмайтын...Оралмайтын көп күндер... Құттысын да, сәтсізін де өңгергенКүндерімнің соңына ерген мен мерген.Келіңдерші...Келіңдерші, күндерім,Бақытымды бөлісейін сендермен...