ВЕРНУТЬСЯ

Тербетіп түн мамықтай бесігінде,Теңізіне тыныштық батырады.Кілт салынған үйімнің есігіндеТіршіліктің бар күйі тоқырады. Бүкіл дүие тып-тыныш,Дала түнек,Әрбір есік күзетіп тұр аймағын.Әрбірінде бардай бір дара тілек,Құпиялар қымтаған шырайларын. Тып-тыныш әлемдегі шекаралар –Кілт салынған үйлердің есіктері.Әрбіреуі күтеді жеке хабар,Әрбірінің өзінше несіптері. Күн менен кілт шекара салды-дағы,Әр бұрышта жан біткен қалды бұғып.Бой жазып тек қиялдың арғымағы,Шекараның бәрінен қарғидынық.Көтеріліп барады қанатында,Ізгі ойлар, пәк сезім, жігерлі, ашық.Белгісіз жүрген күйдің санатындаСенімдердің қақпасын жіберді ашып... Тыныштықты кентеттен бұзып түнгіТарс етті есік...Қозғалып жүрек кенет.Жалғыз-ақ нұр жүректен сызып нұрды,Қалды тек жанды жалғыз тілек демеп. Адам үшін шаттық мол, тыныш күн,Бақыт күтіп тұр алда деп сене бер –Қияр ек-ау тамырын қорқыныштыңКілттенбестей сенімге жетсек егер...