ВЕРНУТЬСЯ

Өмір деген ойлағамКөл-дария деп бұрын менЕсептемей әуелгі шақтарымды сүрінген.Бәрін күтіп ертеңнен,Бүгінгі бос күндердіЖолбасы деп алдағы қиялыма жүгінгем. Мағынасыз сағаттар ғұмырдағы тамшы деп,Көкірегім  ертеңге сақтап жүрген ән шіреп,Аңғал-саңғал өткенім,Жол ортадан асыппын,Мысым енді құрыды өкініштен қамшы жеп. Ойдан, қырдан там-тұмдап,Жинаған бар білімдіТалғажау ғып,Дегенде бойым енді жылынды,Өтіп кеттік мәреден деген сөзді айта алмайҚашқақтайды ұстатпай уақыт деген жырынды..              ***Жуғанда батпан кіріңдіЖуыла алмай қырсығыпТонадың қанша күнімді Күлкісін күйбің тіршілік. Сағыныш құшақ ашқандаСәулесін іздеп жаныңныңАлдымнан шығып басқа арнаСыйыңнан қанша қағылдым. Сән түзеп, сергіп, сызданбай,Қуаныштарды шаң басып.Денсаулықты ерттеп міне алмай,Жалына келем жармасып. Болады қалай орынды,Берсең де бойға кісілік.Арманға созған қолымдыБерірек қойдың ысырып. Жағалау-теңіз тәріздіЖарысып, мәңгі қосылмай,Өтеймін деген парыздыПенденің күйі осындай...                      ***Ойымда жоқ менің де, сенің де өлім,Есептейміз қанша дән себілгенін,Сұлулықты қызықтап небір керім,Деп қойып жақсылыққа сенімді едім. Ойымызда жоқ біздің жұмақ, тамұқ,Бірімізге біріміз сыр ақтарып,Талай боздақ жатқанда құлап қалып,Көңіл айтып кімдерді жұбатпадық. Ұштасқандай бұл ғұмыр мәңгілікпен,Мәзбіз шаққа көңілді ән жібіткен.Қалжыратып жүректі сан күдікпен,Өмір кештік пендеге тән ғұрыппен. Табынуды қоя алмай күші барға,Шектен шықтық бойда қан ысығанда.Боялғанда қара жер түсі қанға-Дедік: шүкір, аманбыз,Шүкір, алла... Бәрібір тайыз, әлде білікті адам,Тұйық па әлде сырын құлыптаған-Құлы болып кетеді-ау бір басының,Адам, сірә бар ма екен мұны ұқпаған. ...Бас иерлік жан бар ғой десем егер,Жандар шығар құдайын ұмытпаған...