ВЕРНУТЬСЯ

       Адасқанның алды -
жөн, арты - соқпақ,
Оларға жөн -
арамның сөзін ұқпақ.
Қас маңғаз, малға
бөккен кісімсініп,
Әсте жоқ кеселді
істен биттей қорқпақ.
Бір аршопке
шапаны сондай шап-шақ,
Мүшесінен буынып,
басады алшақ.
Қас алдына
жымырып келемін деп,
Ақ тымақтың
құлағы салтақ-салтақ.
Жаздыгүні ақ
бөркі бүктелмейді-ақ,
Қолында бір сабау
бар, о дағы аппақ.
Керегеге сабауды
шаншып қойып,
Бөркін іліп,
қарайды жалтақ-жалтақ.
Қу шалбар
қулығына болған айғақ,
Тізесін
созғылайды қалталанса-ақ.
Ұстаудағы кісідей
мезгілі бар,
Күні бойы
шешініп, бір т...-ақ.
Тірі жанға құрбы
боп жап-жасында-ақ,
Қалжыңдамақ,
қасынбақ, ыржаңдамақ.
Бет-аузын сөз
сөйлерде жүз құбылтып,
Қас кермек, мойын
бұрмақ, қоразданбақ.
Осындай сидаң
жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға
келеді олақ.
Сырын түзер біреу
жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері - қу
борбай, сымпыс шолақ.
Олардың жоқ
ойында малын бақпақ,
Адал еңбек, мал
таппақ, жұртқа жақпақ.
Жалғыз атын
терлетіп, ел қыдырып,
Сәлемдеспей,
алыстан ыржаң қақпақ.