ВЕРНУТЬСЯ

       Жүрегім менің
қырық жамау 
Қиянатшыл
дүниеден.
Қайтып аман
қалсын сау,
Қайтқаннан соң
әрнеден.
Өлді кейі, кейі -
жау,
Кімді сүйсе бүл
жүрек.
Кімі - қастық,
кімі - дау,
Сүйенерге жоқ
тірек.
Кәрілік те тұр
тақау,
Алдымызда айла
жоқ.
Қайғысыздың бәрі
- асау,
Бізге онан пайда
жоқ.
Қан жүректі
қайғылы-ау,
Қайырыла кет сен
маған.
Қасиетін
ойлан-ау,
Қам көңілдің
тынбаған.