Өмірден тепкі
жесем жазығым жоқ,
жесем жазығым жоқ,
Ешнәрсеге көңілім
болмаса тоқ,
болмаса тоқ,
Қайта-қайта оқысам
бір дұғаны,
бір дұғаны,
Сөніп қалған
жүректе жанады шоқ.
жүректе жанады шоқ.
Қуаты бар дұғаның
қуантарлық,
қуантарлық,
Қапаланған
жүректі жұбантарлық.
жүректі жұбантарлық.
Адам ұқпас бір
тәтті лебізінен
тәтті лебізінен
"Уан"
деген естілер ұлы жарлық.
деген естілер ұлы жарлық.
Көңілім ауыр
жүктен бір құтылар,
жүктен бір құтылар,
Кек арылып
көкіректен ұмытылар.
көкіректен ұмытылар.
Адамның баласына
ашып жаным,
ашып жаным,
Ізгілікке жүрегім
бір ұмтылар.
бір ұмтылар.
- 149 просмотров