ВЕРНУТЬСЯ

     Жүрек - теңіз,
қызықтың бәрі - асыл тас, 
Сол қызықсыз
өмірде жүрек қалмас.
Жүректен
қызу-қызба кете қалса,
Өзге тәннен еш
қызық іс табылмас.
Достық, қастық,
бар қызық - жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір
ақыл - күзетшісі.
Ар мен ұят
сынбаса, өзге қылық,
Арын, алқын - бұл
күннің мәртебесі.
Қартаң тартқан
адамнан от азаймақ,
От азайса, әр
істің бәрі тайғақ.
Шаруаң үшін
көрінген ақыл айтып,
Жолың тайғақ,
аяғың тартар маймақ.