Артымда қазақ қалың ел, Тақтақ жалғыз қара жол,Кетіп бара жатыр ем.Бейнетті, бітпес ұзын жол,Отсыз, сусыз бетпақ шөл, Мың мехнатқа батып ем.Жұбаныш - жол біреу-ақ,Үмітім алтын айдан да ақ,Сонымен ойды жоюшы ем...Далаға өлік жан салып, Әлсін-әлсін ән салып,Өлеңдетіп қоюшы ем...Әлдеқайдан шу шықты, Қып-қызыл қан-ту шықты,Жердің жүзін түн басты.Шегір көзді, сары шаш,Бәрі тырдай жалаңаш,-Жан-жағымды жын басты.Әлденені бөлісіп, Ыржиысып күлісіп,Ән жер, мін жер жылт-жылт оқ.Жел ұлиды, өкіред,Жындар жалп-жалп секіред...Қара жолдан сүрлеу жоқ.Артымда елім бар еді, Алдымда жолым бар еді,Ел де жоқ қазір, жол да жоқ...Табылар жолың, тарылма,Жылама, жынға жалынба,Таң атқанша күн де жоқ.
- 173 просмотра