Достықты мастық туғызад, Шын-шын достар - екі мас.Жүректі мастық өртейді,Төккізіп көзден ыстық, жас. Достықты ауру туғызад, Ауру адам - адал дос.Ауру көз жас төккізед,Ауырсаң ғана жүрек бос. Айық адам - аң адам,Дені сау адам - бейне тас.Достыққа баға бере алмас, Төкпес ол көзден ыстық, жас. Шын дос боп ыстық жас төксінДесең, досқа арақ бер,He болмаса, ТәңіріденАуру бер деп тілей көр!
- 139 просмотров