Балалық шағы - Патшаның тағы,Ала алмас оны бағалап. Көп өтпей жыл,Тек жүрмей, біл,Ілгергі күнді сағалап. Үйрен білім жастықта, Білмесең, жанға қастық та! Білімге жүгір,Жоқ ойдан түңіл -Ерікке қоймай, ентелеп. Қайтпас уақыт,Қал дәмін татып,Бос өткізбе еркелеп! Жастық деген - бағасыз, Қадірін білмес санасыз. Жастық - алтын,Құрып қал салтын, Салты оның - үйрену, Өнер қуып,Бел бекем буып,Надандықтан жирену! Тұрма, қарғам, ұмтыл!Аты өшкірден құтыл! Білімсіз - есек,Опасыз десек,Сөйлеп, күліп жүрсе де. Өлікпен тең,Ит-құсқа жем,Тірі боп ғұмыр сүрсе де. Сондай болма, қарағым,Даяр болсын жарағың! Білген жан - көсем!Сөйлесе - шешен,Жұртты аузына қаратар. Істегені - өрнек,Қор қылмас ермек,Нәрсені іске жаратар. Білімдінің сөзі - ем,Мейірімі көп, етек - кең! Жұртына мақтаулы,Сыбаға сақтаулы,«Пәлі!» деп қарсы алар. Іс қылар тежеп,Жан-жүрек өжет,Бет келгенді қарсалар. Қайда барса - сыйымды,Білімі - мал, бұйым-ды!
- 152 просмотра