ВЕРНУТЬСЯ

      Ертеде бір қатынның
бойжеткен қызы болыпты. Екі ботасы
бір інгенге тел
болыпты. Үйіне бір қонақ қонып: «Қырықтың бірі
- қыдыр!» - деп,
тойғызып, сыйлап салыпты. Таң сәріде қатын
түрегелсе, екі
ботаны ит-құс тып-типыл қылып кетіпті.
Түйе боздап,
азынап тұр дейді. Сонда қатын екі бүйірін таянып,
отыра қалып,
дауыс қылып ботасын жоқтағаны:
Боз інген боздап
тұр-ау ботасына,
«Қонағым қыдыр
болған» - жатасың ба?
Қыдыр болған
кісіге қыдыр-дағы
Мен сиейін
қонақтың батасына!
Екі ботам бар
еді қауыпы май,
Қара малдан аз
еді-ау сауыным-ай!
«Кешкі қонақ қыдыр!»
деп, жұрт айтады,
Енді қонақ
жолатпан ауылыма-ай!
Есік алды қара
су, балдыры бар,
Балдырына атыңды
шалдырып ал.
Айдап келген
ботамды байлап салмай,
Ерке қарым, ұйқыңды
қандырып ал!
Екі ботам бар
еді, бота-ақ еді,
Қонған жерім
ботаға от-ақ еді.
Айдап келген
ботамды байлап салмай,
Ерке қардың
іздегені қонақ еді.