ВЕРНУТЬСЯ

     -          Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар,
жар, жар!
Қырық кісінің
ақылы
Ханда болар,
жар-жар!
«Әкем-ай!» -
деп, жылама,                          
Байғұс қыздар,
жар-жар!
Әкең үшін қайын
атаң
Ол да болар,
жар-жар!                                                                                                                      
-          Жазғытұрғы ақша қар
Жаумақ қайда,
жар-жар?!
Кұлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда,
жар-жар?!                                                          
-          Азар жақсы болса да,
Қайын атамыз,
жар-жар?!
Айналайын
әкемдей
Болмақ қайда,
жар-жар?!
-          Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар,
жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар,
жар-жар!
«Шешем-ай!» -
деп, жылама,                       
Байғұс қыздар,
жар-жар!
Шешең үшін қайын
енең
Ол да болар,
жар-жар!
-          Жазғытұрғы ақша қар
Жаумақ қайда,
жар-жар?!
Құлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда,
жар-жар?!
Азар жақсы болса
да,
Қайын енеміз,
жар-жар,
Айналайын
шешемдей
Болмақ қайда,
жар-жар?!
- Бір толарсақ,
бір тобық
Санда болар,
жар, жар!
Қырық кісінің
ақылы
Ханда болар,
жар-жар!
«Ағам-ай!» -
деп. жылама,                             
Байғұс қыздар.
жар-жар!
Ағаң үшін қайын
ағаң
Онда болар
жар-жар!
-          Жазғытұрғы ақша қар
Жаумақ қайда,
жар-жар?!
Құлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда,
жар-жар?!
Азар жақсы болса
да,
Қайын ағамыз,
жар-жар,
Айналайын,
ағамдай
Болмақ қайда.
жар-жар?!
-          Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар,
жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар,
жар-жар!
«Жеңгем-ай!» - деп,
жылама,                   
Байғұс қыздар,
жар-жар,
Жеңгең үшін
абысын
Ол да болар,
жар-жар!
-          Жазғытұрғы ақша қар
Жаумақ қайда,
жар-жар?!
Құлын-тайдай
айқасқан
Оң жақ қайда,
жар-жар?!
Азар жақсы болса
да
Абысыным,
жар-жар?!
Айналайын
жеңгемдей
Болмақ қайда,
жар-жар?!
-          Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар,
жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар,
жар-жар!
«Інім-ай!» -
деп, жылама,                     
Байғұс қыздар,
жар-жар?!
Інің үшін қайын
інің
Онда болар,
жар-жар?!
-          Жазғытұрғы ақша қар
Жаумақ қайда,
жар-жар?!
Құлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда,
жар-жар?!
Азар жақсы болса
да
Қайын ініміз,
жар-жар?!
Айналайын
інімдей
Болмақ қайда,
жар-жар?!
-          Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар,
жар, жар!
Қырық кісінің
ақылы ?
Ханда болар,
жар-жар!
«Сіңілім-ай!» -
деп, жылама,              
Байғұс қыздар,
жар-жар?!
Сіңілің үшін
қайын сіңілің
Ол да болар,
жар-жар?!
-          Жазғытұрғы ақша қар
Жаумақ қайда,
жар-жар?!
Құлын-тайдай айқасқан
Оң жақ қайда,
жар-жар?!
Азар жақсы болса
да
Қайын сіңілім,
жар-жар?!
Айналайын сіңілімдей
Болмақ қайда,
жар-жар?!
-          Бір толарсақ, бір тобық
Санда болар,
жар, жар!
Қырық кісінің ақылы
Ханда болар,
жар-жар!
Шымылдығын серпи
сал,                        
Көрсін әкең,
жар-жар!
Көздің жасын көл
қылып,
Төксін әкең,
жар-жар!
«Жылда-жылда мал
айдап
Пұл аламын,
жар-жар!
Бір міндеттен
құтылдым!», -
Десін әкең,
жар-жар!
Шымылдығын серпи
сал,                     
Көрсін шешең,
жар-жар!
Көздің жасын көл
қылып,
Төксін шешең,
жар-жар!
«Жылда-жылда болжама
Бояй бердім ,
жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым!»
-
Десін шешең,
жар-жар!
Шымылдығын серпи
сал,                   
Көрсін ағаң,
жар-жар!
Көздің  жасын көл қылып,
Төксін ағаң,
жар-жар!
«Жылда-жылда
базарға
Мал сатам»-деп,
жар-жар!
«Бір міндеттен құтылдым!»
-
Десін ағаң,
жар-жар!
Шымылдығын серпи
сал,                 
Көрсін жеңгең,
жар-жар!
Көздің жасып кел
кылып,
Төксін жеңгең,
жар-жар!
«Жылда-жылда
күйеуге
Апарам» деп,
жар-жар!
«Бір міндеттен
құтылдым!» -
Десін жеңгең.
жар-жар!
Шымылдығын серпи
сал,              
Көрсін інің, жар-жар!
Көздің жасын көл
қылып,
Төксін інің,
жар-жар!
«Жылда-жылда үй-
ішін
Топыр қылмай ,
жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым!»-
Десін інің,
жар-жар!
Шымылдығын серпи
сал,                
Көрсін сіңілің,
жар-жар!
Көздің жасын көл
қылып,
Төксін сіңілің, жар-жар!
«Жаман жездем
жалпылдап,
Келе бермей,
жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым!»-
Десін сіңілің,
жар-жар!
Жар-жар.2-нұсқа.
- Алып келген
базардан                   
Қара насар,
жар-жар?
Қара құйрық сәукеле
Шашың басар,
жар-жар!
«Әкем-ай!» -
деп, жылама,               
Қыздар байғұс,
жар-жар!
Әкең үшін қайын
атаң
Орын басар,
жар-жар!
Алып келген
базардан
Қара насар,
жар-жар!
Қара құйрық
сәукеле
Шашың басар,
жар-жар!
«Шешем-ай!» -
деп, жылама,            
Қыздар байғұс,
жар-жар!
Шешең үшін кайын
енең
Орын басар,
жар-жар!
Алып келген
базардан
Қара насар,
жар-жар!
Қара құйрық сәукеле
Шашың басар,
жар-жар!
«Ағам-ай!» - деп
жылама,                
Қыздар байғұс,
жар-жар!
Ағаң үшін қайын
ағаң
Орын басар,
жар-жар!
Алып келген
базардан
Қара насар,
жар-жар!
Қара құйрық сәукеле
Шашың басар,
жар-жар!
«Жеңгем-ай!» -
деп, жылама,             
Қыздар байғұс,
жар-жар!
Жеңгең үшін
абысын
Орын басар,
жар-жар!
Алып келген
базардан
Қара насар,
жар-жар!
Қара құйрық
сәукеле
Шашың басар,
жар-жар!
«Інім-ай!» -
деп, жылама                    
Қыздар байғұс,
жар-жар!
Інің үшін қайын
інің
Орын басар,
жар-жар!
Алып келген
базардан
Қара насар,
жар-жар!
Қара құйрық сәукеле
Шашың басар,
жар-жар!
«Сіңілім-ай!» -
деп, жылама                
Қыздар байғұс,
жар-жар!
Сіңілің үшін
қайын сіңілі
Орын басар,
жар-жар!