ВЕРНУТЬСЯ

      Іштеріңнен шығады жаңа дарын,

Бізден биік
болады саналарың.                              

Бізден бөлек болады ғасырың да,

Бізден бөлек болады модаларың.

Соғыс салған жараны көрмейсіңдер,

Жоқтық, аштық дегенге көнбейсіңдер.

Біздің ұрпақ әкесін жау олтірген

Деген сірә, «ертекке» сенбейсіңдер.

Бізден басқа ырғақта ән айтасыңдар,

Басқаша әуен аспабын тартасыңдар.

Біздер тамақ пісірген қазандарды

 Тамашалап
музейден қайтасыңдар.