ВЕРНУТЬСЯ

Қонатын қаздар қаңқылдапМөп-мөлдір еді айдыным.Ойнайтын сазан жарқылдап,Есепсіз еді байлығым.Бетімде самал шайқағанБилеткем түнде ай нұрын.Қамысты нудан байқағамЖолбарыстардың айбынын.Менімен сұлу кеші деНұрлы еді дала таңдары.Салатын ойнақ төсінеАққудың балапандары.Қамысты шапты адамдар,Өртеді біреу қалғанын.Жойылды тірлік жағамда,Мен енді шалқи алмадым.Тартылдым, жағам тозғандаТайғандай бастан бар бағым.Мергендер атқан қаздарғаПана да бола алмадым.Жоғымның орны толды ма?Көркім жоқ жолшы мақтаған.Қарала үйрек орнынаШүрегей мынау қаптаған.Шалқып бір жатқан күндердеҚұшақты жайдым баршаңа.Сусының болып шілдедеЛәззат бердім қаншама.Жалынам бүгін бәріңе,Үмітпен ұрпақ баққандар.Қолыңнан келсе, әлі деЖоғалтпай мен сақтандар.