ВЕРНУТЬСЯ

           Мына өзен биыл тағы тасыр ма екен,

Болады-ау астаң-кестең асыл мекен.

Тепкілеп көкірегін жатыр бір күш

Айдыны суық екен, ашулы екен.

Толқын тұр жап-жас талға жармасуға,

Сыймастай не көрінді арнасына.

Ұмытқан тәңірісін біреулерді

Түсіріп алмақшы ма тәубәсіна.

Тасқынсыз мынау тірлік баяулай ма,

Жағада жаяу арба аяңдай ма,

Есінеп етек-жеңін жимайтындар

Жайық бір тасымаса оянбай ма?

Нұрланып ай, жұлдыздың шуағынан

Қашанғы айта бермек бұралып ән.

Туатын жуас қазақ батыр ұлдай

Төгіліп шықсын бір сөт құмарынан.

Айбыны екпінді екен, ашулы екен,

Шынымен арна бұзып тасыр ма екен?

Еркінсің. Шөлдеп көрдің, тасып та көр

...Басыңнан не кешпедің, асыл мекен?!