ВЕРНУТЬСЯ

        Бірақ, бірақ...

Өзгертпес гүл өскенін,

Тоқтатпайды тіршілік күрестерін.

Адамзаттың ұрпағын тәрбиелеу

Бар ғасырдан алатын үлестерің.

Бәлкім, бізден еркіндеу өсесіңдер,

(Бізге жұмбақ, не киіп, не ішесіңдер.)

Қуанышын, қайғысын махаббаттың

Дәл біздерше сендер де кешесіңдер.

Мейлің түрлі түспенен қасты боя,

Алуан тілде айтылар жастық Ода.

Білетінім: Отанын, Халқын сүю

Болу қажет қашан да басты мода!