ВЕРНУТЬСЯ

Сән беріп едің жағаңа

Ән болып тарап далаңа,

Жылдардың сынын көтермей

Сарқылып арнаң бара ма,

Шошынды-ау сенен шағала.

            Жағдайың қалай, Жайығым,

Көбейіп кетті-ау уайымың.

Алдында туған еліңнің

Жоқ еді-ау сенің айыбың,

Жағдайың қалай, Жайығым?

Сән беріп едің жағаңа

Ән болып тарап далаңа,

Жылдардың сынын көтермей

Сарқылып арнаң бара ма,

Шошынды-ау сенен шағала.

Тайыздау жерің лайлау,

Жарқабақ тозған құлайды-ау,

Анау бір соқыр кемпірден

Сұрасам халін жылайды-ау,

Жарқабақ тозған құлайды-ау.

Көктемде арнаң жылынар,

Көкке ұшар бу боп сулы қар.

Су ішкен сенен тұлпарды

Соғымға сойды ұрылар,

Көктемде арнаң жылынар.

Жағдайың қалай, Жайығым,

Көбейіп тұр-ау уайымың.

Алдында туған халқымның

Менің де жоқ қой айыбым

Жағдайың қалай, Жайығым?