ВЕРНУТЬСЯ

Өтеді-ау қай кезде де арманда қыз,Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.Болмаса дүниеде сүлу қыздарКейінге айтылатын қалмайды аңыз.Ақбикеш үзатылып барады енді.Мал берген сүймесе де ала келді.Алғашқы алау сезім жанған жүрекБір кеште шерменде боп қала берді.Сезімтал еткен тағдыр өнерліні,Күйші Есжан тойға келді келер күні.Сол еді-ау қалағаны АқбикештіңЖігіттің бақ байлады кедейлігі.Той өтпек Нарын қүмның етегінде,Қыз кетпек мал бергеннің жетегінде.Ақбикеш сүратып ап домбырасынКүй тартты әке үйінен кетерінде.Жаңа күй тартты сүлу, ойланбады,Барша жүрт мүңлы әуенге қайран қалды.Шанағы домбыраның күңіреніпДегенді қайталады «айнам қалды».Дейді қыз: «Айнам қалды, армандамын,Жүректің кім түсінсін зарланғанын».Сол кезде күйді Есжан қайталадыКөңілі екеуінің болған мәлім.Қүдалар мынау жайға секемденді.«Күйшімен қыз көңілдес екен» деді.Есжанға қамшы ойнатты осы сәттеКүйеудің дорекілеу нөкерлері.Есжанды соқты топас тобыр келіп,Қыз талды. Күйеу, қүда отыр көріп.Той тарқап, қызды дереу аттандырды,Ал, Есжан қалды мәңгі соқыр болып.Өтеді-ау қай кезде де арманда қыз,Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.Болмаса дүниеде сүлу қыздарКейінге айтылатын қалмайда аңыз.