ВЕРНУТЬСЯ

Бұл өмірден көрмеген еш тапшылық,Кеудесінде асыл арман, жақсы үміт.Қатар өскен ай мандайлы аруғаӨлердейін ғашық еді жас жігіт.Сенім мықты бір-бірін шын сүйгесін,Көңілдері тапқан тату үйлесім.Еш алаңсыз, еш күдіксіз екеуіБүгін тағы бірге өткізді би кешін.Ұқсас еді ой-тілегі, арманы,Өздеріндей қызу жастар жан-жағы.Дәл бүгінгі әуен ырғақ сазынаБірдей еді көзқарасы, талғамы.Модадағы музыканы бағалай,Жанған көздер от шашады жағалай.Осы сәтте таңқалдырып барлығынКетті ойналып ойда жоқта «Қамажай».Тосын шықты қоңыр әуен шұбалғанСүйгеніне қол жетпеген мұң-арман.Тынып қалған топтың бұзып ортасынБір сұлу қыз биге шықты бұралған.Би қимылы өзінше бір сыр төкті,Кей жастардың көзінде от жылт етті.Жас жігіттің сүйген қызы сол сәттеӘуенді де, бишіні де күлкі етті.Құлағына білмей сенер-сенбесін,Жігіт тұрды жиғандай боп енді есін.Қозғап кетті сүйген қыздың күлкісі,Түсініксіз бір сезімнің пернесін.Неге күлді сүйікті ару ақ маңдай,Сыңғыр күлкі жанға неге батқандай?«Қамажайға» күлген қызға жігіттіңЕт жүрегі мұздап бара жатқандай.Салқын ызғар қарып кетті өзегін,Күте алмады келесі би кезегін.Бұрылды да жүре берді мең-зең бопСұлу қалды түсіне алмай себебін.Не сыр айтты көне әуен, алыс үн...Не тұрады ол құлай сүйген жар үшін.Жігіт кетті арпалысқан іштегіМахаббатқа жеңдіре алмай намысын.