ВЕРНУТЬСЯ

             Тұсымнан өттің бұрылмай,

Хат жазбай кеттің қашаннан,

Сонау бір жастық жылындай

Кездессек - дедің - осы арман.

Сағыныш - отқа өртенген

Өкпелеп жүрсің, құрбым-ау.

Күніге ертең, ертеңмен

Зуылдап жатқан жыл мынау.

Ат басын бұрып бара алмай,

Жолдамай сәлем хат арнап,

Жүреміз мәңгі адамдай

Ал сапар қайда апармақ...

Келемін руль қолымда

Армандап зулап өтуді.

Ал осы өмір жолы да

Көшенің заңы секілді.

Айқайды өзге есітпей,

Нысананы алдым көзіме.

Үлгеру керек кешікпей

Жасыл от жанған кезіне.

Шаршатып мені жол қашық,

Күндерім сонау аңсаған.

Қызыл от жиі алмасып

Жете алмай келем мен саған.