ВЕРНУТЬСЯ

Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын,Ойлардан Жайық жайлы айықпаймын.Даланың жанарынан мұң байқасамАйдында ескегі жоқ қайықтаймын.Не болмақ нәр татпаса шынар шыбық,Қураса тамыры гүл сынар шіріп,Табиғат қарғысына ұшырағанЖағада - үш жыл бойы қуаңшылық.Сан алуан адамдардың кеселі де,Қазақтың Әр кез соры бес елі ме?Жетсе, Егер құдіретім туған жердіңАйналып кетер едім нөсеріне.