ВЕРНУТЬСЯ

      Мысалы дүние -
теңіз, ғылым - кеме,
Кемесіз терең
суға түсем деме.
Толқыны тауға ұқсаған мына заман,
Сезе ме мұны даңғой жаһил неме?
Суы ащы бұл теңіздің, іші жайын,
Толқыны
төңкерілер барған сайын.
Қауіпсіз балық
аулап пайдаланар,
Сенімді кеме
болса кімде дайын.
Кемеде болмау
керек саңылау, тесік,
Мақтанба
желқайыққа кеме десіп.
Жел соғып
көтерілсе, жоқ боларсың,
Толқынның түрі
жаман жатқан көшіп.
Балық бар бұл теңізде неше тармақ,
Байқамай оған
дағы салма қармақ.
Астың теңіз,
толқынмен дос емессің,
Бір мышты кеме
қып ал өзіңе арнап.
Кемесіз суға
кетер арандаған,
Себепсіз ешбір
нөрсе жаралмаған.
Малтумен көрген күнің құрып қалсын,
Ұят
қой анда-санда қараңдаған.
Шалағай жанның
қасы жыртық қайық,
Бір күн жел,
сеніп болмас, бір күн айық.
Астың - теңіз,
үстің - жел, дос емессің,
Қарбайып әлек
болма қанат жайып.
Толқынға
кемеменен ыңғайлы бол,
Бір білгіш
морякпенен
ұстасып
қол.
Ғылым - кеме,
көңілдің тиянағы,
Әне, жаным,
сөйткенде табасың жол.
Қазаққа келген
жанның бәрі төре,
«Ақ жүрек
аңқылдаған» өмір бере.
Көзсіз құдық сияқты о да тапшы,
Жетілген екен
деме оны көре.
Пікір қыл
көрінгенге, шықсаң үйден,
Айни көр,
тілімді алсаң, надан күйден.
Малым жоқ бөлек
ауыл кондыратын,
Енші осы, ойла,
балам, саған тиген.
Теңіздің
тереңінде садып пен дүр,
Тілімді ал,
қанағат қыл, әдеппен жүр.
Ғылым - дана,
өмірде қор болмайсың,
Жаманмен жолдас
болма, жақсымен жүр.
Кәсіп қыл, ғылым
берер, іздесең жем,
Болмайсың таза
жүрек ешкімнен кем.
«Күннен де білім
жарық» деген мақал,
Соқыр кісі
болмайды көздімен тең.
Кісінің, менше,
балам, хақын жеме,
Түбінде
жарамайды жегіш неме.
Тірі күнде құтылдым қарызымнан,
Артымнан «әкем
айтпай кетті» деме!