ВЕРНУТЬСЯ

Әйгілі ақын, драматург, сөз зергеріІлияс Жансүгіров бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматыоблысы, Ақсу ауданы) туған. Ілияс жаскүнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі.Жас Ілияс ұлы Абайдың поэзиясымен танысқаннан кейінөзінде бір ерекше сергектік, сілкініс,жаңалық сезінеді.Өз үйінде әкесінен хат танып,молдаалдын көрген Ілияс жүйелі түрде білімалмақ болып Алматыға келеді, мұғалімдеринституты жанындағы қысқа мерзімдікурста оқиды.Жас азамат Қазақ ағартуинститутында, Жетісу облыстық "Қосшы"комитетінде, губерниялық оқубөлімінде, "Тілші" газетінің редакциясындақызмет етеді, ауыз өдебиеті үлгілерін жинайды. Газет - журналдарда алғашқы өлеңдері басылып шыға бастайды.1928 жылы "Сағанақ"деген тұңғыш кітабы шығады.Ілияс Жансүгіров 1925-1928жылдары Москвадағы Коммунистік журналистикаинститутына түсіп, орыс, Европа классиктерінің шығармаларын тереңдеп оқиды. Бұл тәжірибе ақын талантының жарқырайашылуына әсер етеді. Елге оралған соң "Еңбекші қазақ" газетінде істеп, 1934-1935 жылдардаҚазақстан Жазушылар Одағының төрағасыболады.1935-1937 жылдары көркем әдебиетбаспасында поэзия бөлімін басқарады.КСРО жазушыларының I съезіне қатысады.Қазақ поэзиясының ерен жүйрігі,"қазақ поэзиясының Құлагері" 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырайды.Ол 1927-1938 жылдары өндіртежазып, поэзия, проза, драматургия,сын, аударма саласында жиырмадан астам кітап шығарып, артына мол өдеби мұра қалдырды.Ақынның эпикалық шығармаларындағы бейнелеу тілінің байлығы, сонылығы, стиль өрнегі, құйылған сөз тасқыны, адуынды күші Ілияс Жансүгіровті қазақ халқының сүйіктіқаламгерлерінің бірегейі етті. 

Ілияс