Қарынсау, қара
тегештей,
Қара қоңыр саптыаяқ.
Дөңгелек қарын,
кемештеу,
Ақжем ернеу, ақ қабақ.
Шағыршығы шыңғырлап,
Айнымайды арбыздан,
Тау суындай салдырлап,
Құйылса қымыз
құндыздан;
Бауырдай қатық балбырап,
Қоймалжың қою
құйып құрт,
Жұмып көзді жұтқанмын,
Мөлтілдетіп малып мұрт.
Қабаққа
біткен қайыңның
Беріші еді, безі еді.
Өтіндей-ақ
аюдың
Әкемнен қалған көз еді.
1925
- 128 просмотров