Домбыра
Тарт күйіңді,
домбыра!
Төгіл, төгіл тәтгі күй,
Тау суындай
сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр!
Тауда тұман
тұрмасын,
Көкте бұлт
ыдыра!
Тыңдамаған
қоймасын,
Ойды-қырды қыдыра,
Құлшына
тарт, домбыра!
Екі желі, үш қазық,
Тоғыз ноқта домбыра,
Ойнатайын он саусақ,
Құлындайын
құлдыра.
- Подробнее о Домбыра
- 129 просмотров