ВЕРНУТЬСЯ

      (Шет елдік әріптеске)

      Біз мына
қоғамменен бірге өсеміз.

Тілдесеміз,
үнімен үндесеміз.

Ақиқатты айтуды
бізден сұра,

Ақиқатты айтуды
білмесеңіз.

Әкелер салып
кеткен іздерменен,

Келеміз анық
басып біздер деген.

Біздер деген -
қоғамның қолқанаты,

Біздер белек
жандармыз сіз көрмеген!

Солдатпыз Отан
үшін жанын үзген,

Арымызбен,
қаламмен, қанымызбен.

Өз дәуірін өзгеге
билетпейтін,

Күрескерміз!

He керек тағы
бізден!

Біз - солдаты
Ленин қоғамының,

Иесіміз Балға мен
Орағының.

Біз - Отанның
қаруы, дарынымыз,

Ақынымыз Советтер
Одағының.