ВЕРНУТЬСЯ

       Шындық көзге шұқиды қашаннан да,

Шыбын
жаның шындықтан қаша алған ба.

Ар-ақиқат үкімі жасалғанда,

Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.

Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да,

Ат жалынан мал тапқан жылымдар да.

Арамзаны, ұрыны жұлып түспей,

Ақиқаттың алмасы суынған ба!

Шындық
деген - шымылдық біреулерге,

Қалқа қылып шындықты жүрер пенде.

Шымылдығын шындық кеп жұлып алса,

Шыбыны ұшып,
бишара кірер жерге.