ВЕРНУТЬСЯ

     Тамаша еді жазғы
орман

Құстар сайрап,
мәз болған.

Көлшіктерде,
суларда,

Үйрек ұшып, қаз
қонған.

Шыбын-шіркей қаға
ма,

Шоршып судан ақ
шабақ?!

Таз тырна отыр
жағада,

Сыңар аяқ, ақ
қабақ.

Елік ертіп лағын,

Еңкейеді суатқа.

Елендетіп
құлағын,

Тыншымайды
бірақта.

Көкқұтандар
көлбеңдеп,

Көтерле алмайды.

Жалғыз-жалғыз
ербеңдеп,

Көк қояндар
заулайды.

Мұздай суын
атқылап,

Ақ бастаулар
қайнаған.

Тана-торпақ
шапқылап,

Оқыранып,
ойнаған.

...Тамаша еді
жазғы орман:

Тамашалап, мәз
болғам,

Қайран
Қарасазым-ай!

Үйрек ұшып, қаз
қонған!..