ВЕРНУТЬСЯ

       Қ.
Мұхамеджановпен бірлесіп жазған

       ҚАТЫСУШЫЛАР:

Досберген
Мұстафаев-совхоздың агрономы.

Алмагүл
- әйелі, география пәнінің мұғалімі.

Мәмбет
Абаев-Тарих пәнінің Мұғалімі.

Ә
н у а р - әйелі, дәрігер.

Өсіпбай
Татаев- оны Иосиф Татаевич деп атайды,

ғылым
докторы.

И
с а б е к - журналист-жазушы.

Г
ү л ж а н - әйелі, актриса.

Айша
апай - мұғалима, мектеп-интернаттың бұрынғы ди-

ректоры.

Орман
жұмыскері.

Шофер.

БІРІНШІ БӨЛІМ

Алыстан
заңғар қарлы жоталардың сілемі шалынады. Июль айының орта шені. Жайсан көктөбенің басы. Сахна түкпірінен байқалатын
шатқалды жақпар тастардың етегімен тау өзені ағып жатыр.
Күн сенбі. Түс ауған шақ. Оң
жақта төменнен төбеге
шығатын жол бары белгілі.
Жаздың бабына келген кезі. Түс ауып бара жатқан мезгіл. Каулап еркін өскен
шөптердің тұмса қалпына
қарағанда мал аяғы түгіл
бұл араға адам да сирек келетін тәрізді.
Әріректе таспен таласып қисық-қыңыр біткен қарағаштар көрінеді. Айнала құлаққа
ұрған танадай тым-тырыс... Табиғат көркінен
басқа көзге шалынар дәнеңе жоқ. Бірақ бүгін осы жерде өзгеше бір тірлік
нышаны байқалады. Өйткені Досбергеннің қалауымен біздің кейіпкерлеріміз бұрынғы
мектептес, майдандас достар бас қосқан. Әсіпбайдан, яғни Иосиф Татаевичтен басқасы
сейіл-серуенге арналған қарапайым жұпыны киімде. Әрдайым өз дәрежесіне лайық сірескен
галстук, қыры сынбаған киімде жүретін Өсіпбай ғана. Анда-санда бұрап қоятын мойнына
асып алған транзисторына дейін бар. Әйелдер жағы әлі көрінбейді. Олар кейінірек келеді. Оған
дейін еркектер шатыр құрумен әуре.

М
ә м б е т (шатырдың бір бұрышын тартып жатып).
Досберген, сәл солға таман. Әй, Өсіпбай... Иосиф Татаевич, сен сол орныңнан
қозғалма.Иосиф Татаевич
(галстугін жөндеп).
Ал, қозғалмадық ендеше. Ескертетінім - тек мені не
Өсіпбай немесе Иосиф Татаевич
деп атағаның жөн болар, жарқыным. Екінің бірі.

М
ә м б е т . Егіздің сыңары
болсаңда мұның оңайға түсе қояр ма
екен. Бала күніңде Өсіпбай едің, бүкіл соғыс бойы Өсіпбай болдың, маған қазір
де Өсіпбайсың. Бірақ сені
барлық жерде мәртебеңді көтеріп Иосиф Татаевич дейтін болған
соң солардың ізімен баяғы...

Иосиф
Татаевич. Ресми жағынан келгенде дейсің ғой, солай
ма?

М
ә м б е т (күліп).
Жоқ, ресми деген сөз бе екен, халықтың кұрметін
айтам да...

Досберген.
Дәреже дауын кейін шеше жатарсындар.(Шатырдың
әр бұрышын зерлей қарап тұрған Исабекке.) Сен тым қыңыр тартып кеттің, жолдас. Мұның Ақберген журналистің атына лайық емес, бауырым. Көрдің бе, қисайтып жібердің.

И
с а б е к . Мен бар ғой өзі,
ғафу етерсіз, әрине. Құдай сендердің бәріңді түгел глазамерден құр алақан қалдырғанына мен кінәлі емеспін. Как раз мен тура ұстап тұрмын.
Бүлдіріп жатқан өзің.

М
ә м б е т (мән бере). Глазамер дегенің біз қолдана алмайтын құрал
екені рас. Бұл жағынан саған қайдан жетейік.

Иосиф
Татаевич. Мына бұрыштың
жібі қысқалау ма деймін. Қазыққа жететін емес, енді қайттік? Досберген. Ғылым
докторының галстугін жалғаудан басқа еш
лаж жоқ.

Иосиф
Татаевич. Жоқ, мұның онша сыпайылыққа жатпайды, жолдас агроном.

М
ә м б е т . Ау, тарта бермесейші енді, Өсіп... то есть Иосиф Татаевич! Жіптің қысқалығы оңай шаруа,
қазығы мықты болса болды. Әңгіме қазықта. Қыбыр етпей, тұрған-тұрған жерінде қазық орнын
белгілеңдер.

И
с а б е к . Ал белгіледік. Баста енді. (Балғаның кезегі келгенде әрқайсысы тұрған
жерлерінде қазық қағады.
Бауларын байлап шатырды тұрғызады.)

М
ә м б е т . Міне,
көрдіңіз бе, бір шаруаның беті бері қарады деген осы.

Иосиф
Татаевич (керіліп). Уф... Бұл иттің мұнша машақаты барын бұрын-соңды білсемші. Досберген.
Бақсақ, бұл бақандай төрт жігіттің бітірген жұмысы. Сабаз, біздің бабаларымызды
айтсайшы. Әлі есімде, шешем марқұм балаларын шұбыртып жүріп-ақ киіз үйді бір
өзі тігіп, бір өзі жиған. Шатыр
дегенің киіз үйге қарағанда
мүлік боп па?

Мәмбет
(шатырға айнала қарап).
Тамамда, жұтынып шыға келген
сияқты.

И
с а б е к , Онан да ғылым докторының галстугі аман қалғанына шүкіршілік етіңдер.

Иосиф
Татаевич. Бұл да
болса бір олжа (айнала қарап). Мына жерің жұмақ қой, жаным-ау? Неткен
ғажайып, төңірек тамылжып тұр. Жоқ, бекер келмеген болдық. Кұт-береке дегенің осындай-ақ
болар. Біраз биікке шығыппыз-ау, самолеттен қарап тұрғандаймын.

И
с а б е к . Ой, рас айтасың, осындай жер жаннатын бала күнімізде қалай аңғармағанбыз.

М
ә м б е т . Кезінде аңғармағанымыз аз ба біздің. Досберген.
Ау, ол кезде мұндай "транспорт
болды ма? Ауылдан азанда шығып, бұ жерге жеткенше күн бататын. Қазір машинаға мінсең болды, бір сағаттың
ішінде жетіп келесің, айта беретін жиырмасыншы ғасырың осы.

Иосиф
Татаевич. Да, жігіттер, біздер тамаша уақытта өмір
сүріп келеміз. Досберген, бері қарашы, анау жазықта жатқан қай ауыл екен?

Досберген.
Ау, ол біздің совхоз ғой. Соның үстімен келген жоқпыз
ба бүгін?

Иосиф
Татаев и ч . Ә, солай екен ғой. Япырай, сол жердегілер осы тұрған бізді көре ме екен, ә?

Досберген.
Исабек айтсын, мұның құдайдан еншісіне алған глазамері бар ғой. (Мәз болып күледі, Исабек үндемейді.)

М
ә м б е т (Иосиф Татаевичке). Бізді қайдам, Исабек екеуің ауыл адамының көзіне шалына бермейтін
биіктесіңдер ғой.

И
с а б е к . Мәмбеттің қыршаңқы тілі қалмайды.

Досберген. Мұның айтып тұрғаны дұрыс. Мен
болмағанда екеуің де өз
беттеріңмен келіп Көктөбені бақытқа
бөлемес едіңдер.

Иосиф Татаевич. қызмет, қызмет бабы, жігіттер. Достарымен бірге серуен салып жүруді кім
қаламайды дейсің. Бірақ соған...

И
с а б е к . Қала адамдарының да жайын ескеру керек. Мына сен Досберген болсаң агрономсың, мына Мәмбет балаларды оқытады. Ауылдағылардың бос уақытында қисап бар ма. Сендердің осы тірліктеріңе кейде әрі қызыға, әрі қызғана қараймын. Біздер дегенде дөңгелек қуалаған тиін тышқандай дамыл жоқ.

Мәмбет.
Оның рас, қуалағанда да шаң ілестірмейтін болуың керек,
бірінен соң бірі шығып жатқан
мақалаларынды оқуға біз де үлгіре
алмаймыз.

Иосиф
Татаевич. Қолынан келген қонышынан
басады, жігіттер, бұлай мұқатудың реті келмес.

И
с а б е к . Міне, жөн білетін адамның сөзі.
Бұған не айтасың?

Мәмбет.
Жеңілдім, жолдас
журналист.

Иосиф Татаевич. Белгілі
жазушыны журналист дегенің онша жарасып тұрған жоқ. Тым болмаса журналист-международник десейші.
Мысалы, Москвада журналист-международник дегендерге бас иіп тұрады. Оның реті де бар. Біздерде бұл саладағы адамдар өте сирек... Сонан келіп...

Досберген
(бөліп).Кұдай ұрып...көрдіңіз бе, менде байқамай
журналист деп қойып едім. Осы сауатсыздық-ақ түбіме жететін болды.

И
с а б е к . Қойыңдаршы,
жігіттер, мына Мәмбет болмаса әңгіме менде емес... Ескі дүние тарихы, Орта ғасыр тарихы тақиясына
тар келіп жүргендей кейде әдебиетке келіп килігетінін қайтерсің.

М
ә м б е т (күліп).
Саған еліктеп жүрген жоқпын ба, өзің-ақ айтшы?
Солай емес пе?

Иосиф
Татаевич (транзисторын бұрап).
Ол жағын енді былай қойып... өзгелер не айтар, енді соны тыңдайық. Транзистор... облыстың
басқа аудандарында аздаған бұлт шығады, кей жерлерінде жаңбыр жауады.

И
с а б е к . Ал керек болса. Бәрі
аспанға қарайды.

Досберген.
Қорқатын дәнеңе де жоқ. Шатырды не үшін кұрдық? Сосын бар ғой, бұл синоптик
дегендерің барып тұрған суайттар!

И
с а б е к . Өз басым түнге қарай жаңбыр сәл-пәл сіркіресе қарсы болмас едім. Киіз үйде немесе
шатырда жатқанда
жаңбырдың сыбырлы сырына не жеткен. Бүкіл дүниені ұмытып алыс әлемге қиялдап кетесің...

М
ә м б е т . Есіңде
бар ма, Исабек? Енді ойласам арман бір - Алты қанат ақ орданың,

Туырлығын сабалап,

Жауар
еді ақ жаңбыр,

Төгер
еді таудан нұр.

Текеметтің
су болған

Құныға
жұтып хош иісін,

Ертегіге
елігіп,

Сан
ойларға беріліп,

Көзімді
алмай ошақтағы

Қара
жусан шоғынан;

Жатар
едім алдыңда

Айым
туып оңымнан,

Жұлдызым туып солымнан.

Қиялымды
ақкиізге ораған

Беу,
жан ана, сол отауға,

Қары
кешкен Алатауға,

Естен
кетпес күндерге,

Ақ жаңбырлы
түндерге

Қалай,

Қайтіп
оралам?

И
с а б е к .

Киіз
үй де жоқ сондағы,

Сен
де жоқсың,

Тау-әні!

Ақ жаңбыр да баяғыдай

Сатырлатып
жауады. 

(Бәрі
үнсіз, әркім өз ойымен
әуре. Сөзді Исабек бастайды.) Қаншама
жылдар өтті. Отыз ба, одан да көп-ау, аяйсың, амал қанша.

М
ә м б е т. Оған қай
заман. Мектептің әдеби үйірмесінде сен осы
өлеңнің тас-талқанын шығарғаның есіңде
ме? Ойпырым-ай, сол кезде сенің білмейтін сөздерің жоқ еді... "Бұрынғы өтіп кеткен, қарғыс атқан феодалдық дәуірдің киіз үйін көксеу, аңсау", - деп суырыла жөнелгенінде зәреміз зор түбіне кеткен. Бәрі
келеді.

И
с а б е к . Балалық не
дегізбейді. Бәріміз
де бала едік қой... Уақыт,
заман... Таз тақырға өскен жауқазындар емеспіз бе. Сен онан да, кейін қалай бауырласып кеткенімізді айтсайшы.
Арамыздан қыл өтпейтін татулық болды...
"Бәріміздің ортамыздағы ең талантты сол" дегенді өмірі аузымнан
тастаған емеспін.

Иосиф
Татаевич. Иә,
жігіттер, кейде тағдыр
дегенге табынуға да тура келеді. Дәл осылай болады деген үш ұйықтаса кімнің ойында бар еді. Әрине, түптеп
келгенде жел тұрмаса қамыс басы қимылдамайды, яғни без причины нет следствие...

Досберген. Тәңірі тілеуіңді бергірлер,
бүгінше данышпандықтарыңды қоя тұрыңдаршы. Онан да қазір мына Фудзияманын басында
қатындарымызды қалай қарсы алудың қамын ойлайық.

И
с а б е к . Көктөбені Фудзияма деп жүрген Алмагүл ме? Досберген.
Енді кім деп едің?

И
с а б е к . Ой, азаматым-ай! Географ
әйелі бар адамның арманы бар ма екен?

Досберген.
Тап содан айдарымнан жел есіп жүргені шамалы. Ауылдағы мысықтарға шейін ат қойып алған. Топонимика деген бір пәле
шығарды, түсінсем бұйырмасын. Экскурсияға сүйреп оқушылардың да
ығырын шығарады. Көпке дейін мұнысына тілім келмей
жүрді. "Фудзияма" дегеніңіз айтуға оңай емес екен. "Әй, өзіміздің толып жатқан тауларымыздың аты
бұйырмады ма саған" Десем
де болар емес. "Фудзияма" дегеннің ғажайып
мәні бар, ол киелі, қасиетті тау деп оттайды.

И
о с и ф Т а т а е в и ч . Мұның
сырын былтыр мен Японияға барғанда білдім. Алыстан Фудзияманың өзін
де көрдім. Ғажап!

И
с а б е к . Мен бар ғой өзі...
мұның мынадай мағынасы
бар. Әрбір таза буддист өз өмірінде ең болмағанда бір жолы Фудзияманың
басына шығып, құдаймен тілдеседі. Сол киелі тауда өзінің игі істері мен
кінәрат, кінәсін айтып, бүгінгі тілмен айтсақ, құдайға есеп береді екен.

Досберген.
Дін дегенде қызық-ау
өзі. Дінді уағыздаушылардың
шығармайтыны болсайшы бұл.

М
ә м б е т. Әңгіме мұнда дінде, діндарлықта емес. Дін деген бұл жерде желеу ғана. Түп-тамырына қарағанда бұл адам баласы өмірінде тым болмаса бір рет өз
ар-иманымен бетпе-бет келіп, өзіне-өзі жан-жүрегін жайып салуды аңсаудан туған
құбылыс. Күнделікті пендешіліктен бір сәт қол үзіп өзімен-өзі
сырласуын мұрат тұтқандықтан болса керек.

И
с а б е к . Фудзиямаға тек
өзімен-өзі сырласу үшін ғана шықпайды, құдайға
мінажат етіп табыну үшін
шығады. Құдай дегеніңіз шырқау
биікте. Адам атаулыңыз оған құрт-құмырсқа сияқты өрмелеп азаптанып жетеді. Сөйтіп өзі жасаған бар қылмысын жалбарынып жайып сап, кінәсінен ақталады. Адам баласының өмірге деген ынтызарлығымен бірге ұлылығы да
осында жатыр.

М
ә м б е т. Сенің құдай туралы байыптауың "құдай көкте, адам жерде" деп құлдық ұрған орта ғасырдағы көр сауат шаруаның ұғымынан айнымайды екен. Ал құдай дегенің
сайып келгенде тек қана
атау, құдай сол өзіңнің арың - сол арыңның алдында есепте су ғана болса қайтесің? Әркімнің бір
құдайы болса, ол өзінің ары. Мүмкін, адам баласының өзің айтқан өмірге
ынтызарлығы да жасаған кінәларын өзіне-өзі кешіруге дәрмені жетпеуден туған шығар.

И
с а б е к . Мен бар ғой өзі... ғафу етіңіз, бұл жайында идеалистер былай деген...

Иосиф
Татаевич. Өздерің қызық екенсіңдер, ой... қайдағы бір жоқты қоздырып сендерге не болған. Немене,
сонда отыра қалып
құдайға табынуымыз керек пе? Кешіріңіздер, бұл жерде отырғанның бәрі атеистер.

Досберген.
Сөзге сол ғана қонақ беріңіздер. Естеріңізде ме, бәріміз майданға кіргенде біздің арамызда құдайды ең алдымен ауызға
алған Сабыр болатын. Вислаға жеткенде бір жазған өлеңі бар
еді ғой, білесіңдер ме? Ал
соған дейін, мектепте оқып жүргенде бәріміз қосылып шырқайтын әнді өзі бастаушы еді ғой. Тексті былай еді!

Кәне, құдай, бермен қара,

Түкірейін
тұмсығыңа, -

ар
жағы есімде жоқ, әйтеуір осылай кете беретін.

Мәмбет.
Балалықтың бос сандырағы да.

И
с а б е к . Мен бар ғой өзі... Кешіріңіз,
бұл сандырақ
емес. Сол кездегі белгілі акынның өлеңі болатын, әлі тірі, бұл күнде қартайған.

Досберген.
Жоқ, менің айтайын деп
отырғаным бұл емес, басқа. Сабырдың Вислада жазған өлеңін
айтам. Ол құдай туралы болатын. Мен оған ол кезде түсіне қойған жоқпын.
Бірақ байқаймын, сол бір
нәрсеге көзі жеткен соң жазды. Сенің
есіңде қалған жоқ па, Мәмбет? Былайша айтқанда...

М
ә м б е т . Дәл айтуым қиындау
болар, ал мағынасы "сенің құдайың
бар, ол арың, арыңа сенсең онда құдайыңа
сенгендігің..." деп
келетін ұмытпасам.

И
с а б е к . Менде бір жерде осы өлең жазулы. Бұған енді не дерсің? Азған ақын, тозған талант. Жарқ етті
де жоқ болды. (Ойанып үнсіз қалады.)

Иосиф Татаевич бойына жат нәзіктікпен).Ал маған оның
махаббат жайлы жырлары ұнайтын. Әрбір жолы
жүрек қылын шертіп, ән-әуез іздеп тұратын... (Пауза. Кенет
серпіліп, қатқыл үнде) Бәріне,
бәріне өзі кінәлі.

Ауыр
үнсіздік басады. Осы сәтте
төменнен бұларға жақындай берген
әйелдер үні келеді.

Досберген (серпіліп). О, біздің ханумдар ғой мыналар. Келді деген осы, кәне қарсы
алайық. (Бәрі орындарынан тұрып, солай қарай
беттейді.) Әй, мықтыларым-ай, жеттіңдер ме? Алмагүл, Әнуар, Гүлжан қолдарында
тағам салған сумкалар. Шофердың қолында самауыр. Жігіттер көмекке ұмтылады.

Г
ү л ж а н (кінәлай әзілдеп). ЬІлғи бөркемік
маубас, төменге түсіп қарсы алуды да
білмейді бұлар.

И
с а б е к . Кешірерсің, қымбаттым, шатыр құрудың әуресімен қол босамады. Хош келіпсіздер,
Фудзияманың басыңдағы әрбір қадамдарыңыз қызғалдақпен көркейсін, үлбіреген синьориталар. Хор
қызындай ханумдар, сіздерге арналған парсы патшасының шатырын сұлу сәулелеріңізбен
жарық етіп бізді бақытқа бөлеңіздер! Мархабат!

Досберген
(шофердың қолындағы самауырды алып шетке шығарып).
Сен қазір ауылға тарт, біздің үйге Айша апай келу керек, сол кісіні осында әкелесің де, кейін апарып тастайсың, ұқтың ба? Біз ертеңге дейін осында боламыз. Мүмкін,
ертен кештетіп қайтармыз, түсіндің ғой.

Ш
о ф е р . Жарайды. (Басын изеп шығып
кетеді.)

Д
о с б е р г е н (қолында самауыр, шатырды иегшен нұсқап, әйелдерге тағзым
етіп). Уа, ұлы мәртебелілерім!
Сіздердің тапсырмаларынызды уақтылы
орыңдағанымды хабарлауды өзіме
зор бақыт санаймын. Шадыман
шаттыққа құрылған
шатырларыңыз дайын.

Иосиф
Татаевич. Пай, пай, пай. Сенің
ділмар екеніңді  баяғыдан
білмегеніме қайранмын.

Ә
н у а р . Сонша суырылып жатқандарың
бір шатыр. Бұдан мықты іс бітірсеңдер қалай күмпілдер екенсіндер.

М
ә м б е т . Бәйбіше, сын мәселесін тежей тұрайық.

И
с а б е к . Әнуар ханум, сын жағынан өз байыңыз да ешкімнен кенде соғып тұрған жоқ.

Г
ү л ж а н (айнала сүйсіне қарап). Апыр-ай, рахат болды-ау. Бар дүние
алақандағыдай көрінеді екен. "Көк
теңіздің ортасында Фудзияма - Көктөбе, Сонша биік - ұқсайды өзі аспанға барар
өткелге. Шыңын оның мекендейді - сенсең егер аңызға Күйбең пенде тірлігінен ада
дана абыздар. Осы өлең кімдікі еді өзі, ұмытып қалыппын.

А
л м а г ү л . Жапонда да
ақын бар.

Г
ү л ж а н . Мұның ақыл болар ма, Алмагүл. Фудзияманың басы да осындай-ақ шығар.

И
с а б е к (күліп).
Фудзияманың басына шыққан адам, өзгеге
айтпас ең құпия сырын ақтаратынын
білемісің, ханум? Фудзияма деп
атайтын себебі сол.

Г
ү л ж а н . Кұдай алдында жан-жүрегімді жайып салуға қазір дайынмын.
Алдымен, еркек атаулы, өздерің
бастап көріңдерші, табандарың тұрар ма екен. Солай емес пе,
келіншектер.

А
л м а г ү л . Әлбетте, алдымен байларымыздың әуселесін көрейік, қаншалықты қадір-қасиеті бар екен.

Ә
н у а р . Сен де баласың-ау, Алмагүл, шетінен тесік дорба, осыларда не сыр, не құпия бар дейсің.

Досберген.
Бізді тым жерлей бермеңіз,
Әнуар. Уақытында көрерміз. Бірақ Гүлжан
Исабекке қосылғанша соңынан қанша жігіт
жүгіргенін жасырып қалмаса
болды.

Г
ү л ж а н . Оның жарасы жеңіл.
Керек десең күні бүгінге дейін соңымнан қалмай жүгіріп, аһ дегенде ақ жалын атып жүргендерді көзінен тізіп шығуыма болады.

Алмагүл. Е, бәсе, сөйтіп сазайын берші осылардың.

И
с а б е к . Мәмбет те біраз уағыз айтып көзімізді ашып еді, ендігісіне тәуекел, қандай қиын-кыстау
болса да бел будық.

Ә
н у а р. Өмірі бала оқытумен
келе жатқан қасқа
емес пе, айналасындағылардың бәрін баласыну мұның бойына сіңген науқас.
Көзіне көрініп, қолына түскеннің бәріне ақыл айтып отырмаса ішкен асы бойына
сіңбейді. Оған танданбай-ақ қойындар.

Иосиф
Татаевич. Мынау Әнуар не дейді, Мәмбет-ау.

М
ә м б е т. Айта берсін, өмір бойы бала оқыту
да оңай емес.

Досберген
(бәрінін сөзін бөліп).
Уа, достар, мына Фудзияманың басында сендерден жасыратын сыр жоқ. Құдайдан да, сендерден де ештеңе бүкпеймін. Менің философиямның заңғар биігі тұрмыс адамды билейді деген қағида. Олай болса құдайдың жәрдемімен алдымен
ішіп-жеп тойып алайық, содан кейін барып өзімнің ойым
да, бойым да жете бермейтін, әлгі немене еді, высокий материяларынды
талдауға кірісерміз. Әйелдер дастарханды
қамдағанша, еркектер қауымы ана өзенге барып қол жуып қайтайық.

Иосиф
Татаевич Міне, сөздің тазасы."Табиғат аясында
аппетит ашылады" деген екен бір данышпан, жүріндер ендеше.Еркектер кетеді.

Гүлжан
(кекете).Осыншалықты сөздерді бұлар қайдан біле береді, жаным-ау.

Ә
н у а р . Еркек атаулының әйелдердің алдында ақылды көрінуге бар жанын салатын әдеті
емес пе, соларды қойшы,
онан да арамыздағы ең атақты өзің, дастарқанның қара жұмысына араласпай-ақ қой.

Г
ү л ж а н (тақпақтап). Қайдағы атақ,
көкірек күдік ой тұман, орындалған
арман жоқ. "Сусыған дүние
баянсыз!", япыр-ау, осы кімнің сөзі еді?

А
л м а г ү л . Сонша сарнап не көрінді?

Г
ү л ж а н . Жай, әншейін.

Ә
н у а р . Байың жазушы, өзің айтулы актриса, одан артық не керек.

Г
ү л ж а н . Бұл жерде байдың шаруасы жоқ.
 Өнер адамы әркім өзіне-өзі жауап
береді.

А
л м а г ү л . Өнерге қатысы
жоқ адам дәненеге жауап бермейді демекпісің.

Г
ү л ж а н . Қойшы,
қайдағыны айтпай. Менің ойымдағы
басқа, өз басымның дерті, өз жанымның өрті.
Дездемонадан бастап, Мария Стюарттан әрі
Клеопатрадан бір-ақ шығу еді арманым. Олардың жан дүниесін
халыққа жария еткен өмірдің өкініші болмас еді. Өйткені, адам трагедиясының шыны солардың
басында. Кейде бүгінгі өмірдің сыр-сипатын ұғу үшін адам баласы алысқа өзінің өткен
шалғайына зер салады. Бірақ, театрдың онымен ісі мен трагедияда ойнап бір сілкінгім
келеді. Қазіргі пьесаларда не бар, көріп жүрсіндер, оның несін айтайын. Өмір болса
өтіп барады міне, биыл отыз сегізге келдім. Ойнап жүрген рөльдерімнің бәрінің
өнерге үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сонда мен не бітірдім дей алам. Жұрт
осылай болу керек деп ойлайтын шығар. Жоқ, жоқ, жоқ. Осының бәрі ойыма
оралғанда кейде жынданып кете жаздаймын.

А л м а г ү л . Мұның енді
сәл артықтау. Сен туралы айтып жатады, жазып
жатады. Гүлжан дегенді бүкіл ел біледі, сыйлайды, республикаға
еңбегі сіңген артистка дегенді көрінгенге беріп
жатқан жоқ қой. Өнерде
қол жеткенге тоқмейілсімеу жөн шығар. Бірақ  мынауың тым асқақтағандық-ау деймін.

Г
ү л ж а н . Міне, көрдіңіз
бе, көзі ашық, көкірегі сара деген сен де мені түсінбейсің. Ал, айтып жатыр,
жазып жатыр, одан не шықты. Менің алар асуларым, шығар шыңдарым қайда. Ел есінде қалар бір образ жасамай құр алақан кеткенім бе сахнадан.

Ә
н у а р . Бұл өмірге сенің де өкпең бар екен-ау? Мына
мен сияқты
ауданның ауруханасында, үлкен-кішісіне қарамай,
ертеден қара кешке "аузыңды
аш, көзіңді жұм, тіліңді шығар,
деміңді шығарма" деумен құдайдың құтты күні өмірің өтіп жатса көрер ем. Оның үстіне байың миғұла мұғалім
болса.

Г
ү л ж а н . Айналайын Әнуар, біз бір-біріне шалмай, екі дүниеден, екі тілде сөйлеп тұрмыз. Шыным сол. Екі тілде. Білгің келсе,
сен өзіңе де, халыққа да
пайдалы іс атқарып
жүрсің. Сен өз ісіңнің маманысың, солай ма? Мен ше, мен де сондай өз ісімнің маманы болғым келеді. Мен өмір атаулының көздеген мұрат-арманын айтып тұрмын.

Ә
н у а р . Арман деген алдамшы кімде ғана жоқ дейсің... Жігіттер келе жатады.

Алмагүл
(Исабекке). Әй, жазушы жолдас, мына әйеліңнің қайғы-қасіретіне қалай шыдап жүрсің? Әйелің арманынан шығатындай бірдеңе
жазбаймысың?

И
с а б е к . Пайғамбар да туған жеріне жат деген бар емес пе. Жазу
жағынан бұдан аяғаным жоқ...

Г
ү л ж а н . Сенің жазып жүргендерің...

И
с а б е к . Айта бер, айта бер. Есіңізге тағы бір салайын, ханум. Менің еңбектерім уақыт талабынан
туады.

Г
ү л ж а н . Сенен кім талап етсе, ол талап етсін, бәрібір, шама-шарқың
публицистикадан аса алмайтынына әлдеқашан көзім жеткен.

И
с а б е к . Әлбетте, мен классик емеспін. Біздің ханум үшін айта берсең классик жоқ.

Иосиф
Татаевич.Енді қайттік, ағайын? Сені мақтап жүрген сынға
сенейік пе, жоқ, әлде, мына жан жарыңның сөзіне сенейік пе

Г
ү л ж а н . Абзалы, әркім өзіне-өзі сенгенге не жетсін.

М
ә м б е т (айызы қанып). Ал керек болса, Гүлжан, енді шамалы аясайшы жұртты.

И
с а б е к . Мүсіркемей-ақ
қой, бар айтқаны сенің ойыңнан шығып отыр.

Досберген.
Жолдастар, жолдастар! Жергілікті ғана маңызы бар майдан басталмай тұрғанда,
кәне, дастарқанға
бет бұрыңдар-ау, отырмаймысындар
енді.

И
с а б е к (қуанып). Осыдан ақылы болмас. Бәрі
дастарқанға айнала отырады.

Алмагүл
. Әрине, үйдегідей бола қоймас, о жағын кешірерсіңдер, дегенмен
самауырымызды ала келдік..

Г
ү л ж а н . Онда тұрған
дәнеңе де жоқ. Нағыз рахаты осы. Табиғаттың
мына көркіне не жетсін.

И
с а б е к. Бұл
пікіріңізді қолдауға даярмын.
Мынадай поэзияға толы төбе тұрғанда, үйде тығылып отырғанның өзі қылмыс. Солай емес пе, жігіттер?

Досберген.
Табылған сөз. Ал енді дастарқан басының ажары үшін тамада сайлау міндеті тұр. Шығыс әйелдерінің теңдік алуының тағы бір жарқын көрінісін әлем айғақтау ниетімен дастарқан тағдырын Гүлжанға тапсырсақ деймін...

Г
ү л ж а н . Ау, Алмагүл тұрғанда
маған ыңғайсыз болар, өзі не
айтар екен?..

А
л м а г ү л . Жо-жоқ, мұндайдың
жөн-жобасын сен молырақ  білесің, бастай бер.

Иосиф Татаевич. Қадірін білген адамға
тамадалық та осал қызмет емес.

Г
ү л ж а н . Қызықсаң қидым саған.

Иосиф
Татаевич. Ойбай, о не дегенің, төреңізге құлдық,
бас шұлғимызда отырамыз өзіңізге. Гүлжан.
Болсын ендеше. Бұл
рольді де ойнап көрейік.

И
с а б е к (кекетіп). Мүмкін талантыңның
тағы бір қырын көріп
қалармыз осы жолы.

Г
ү л ж а н . Мына ешкі бастың
мені кекеткен түрін қара,
мың жерден кекетсең де менің аузымнан Исабек
данышпан деген сөзді естімей
кетерсің бұл дүниеден.

И
с а б е к . Халық айтса болды,
қалып айтпайды.

Г
ү л ж а н . Тапқан екенсің ақымақты.

И
с а б е к . Сенің мінезің осы отырғанның бәріне
мәлім. Не десең де, жұрттың құлағы үйренген.

Досберген. Ау, ағайын, былай енді. Тамада
тағына мінді, ал кетеміз.

Г
ү л ж а н . Неден бастасам екен? Алдымен құйып
алындар. (Бәрі біріне-бірі қуйып, тамақ ала бастайды.)

-          Маған сухойдан...

-          Мынау да жаман емес...

-Тамаша
екен.

-          Шарап мінеміз бе, жоқ, ақжорғаның өзімен тайпалтамыз ба? Төменнен машинаның үні естіледі.

Досберген.
Мынаусы не тағы. Бүгін-ертең бұл жаққа қарай шыбын
ұшырмаңдар деп едім ғой.

И
с а б е к . Мынауың тамаша
екен. Бүкіл Көктөбе сенің меншігіңде ме
еді? Досберген (әзілдеп).Территория совхоздікі болса,бұл төбе менің меншігім
емей, кімдікі? Кешіріңіздер, әйелімнің еншісі екен ғой. Фудзияма деген осы
кісінің ашқан географиялық жаңалығы. (Машина жаққа қол бұлғап.) Әй, қайда, қайда барасың, қайт кейін, қайт дедім ғой мен саған, мынау қайтеді-ей. (Жанында шофер, ақ шашты қартаң әйел келе жатады. Бұл Айша апай.) Ойбай, масқара болдым-ау,
Айша апай ғой. Ура, ура!!! Байқамай қалғаныма кешірерсіз.
(Бәрі де орындарынан тұрып Айша апайды қарсы алады.)

Айша
а п а й (ентігіп зорға
басып). Аман-сау бармысыңдар, айналайындар. Түу, жүрегі құрығыр қағып кетті-ау. Қартайды деген осы. Оның үстіне
Досбергеннің айқайынан
шошып, басқа біреулердің үстінен шықтық
па деп қорқып кеткенім.

Досберген. Бұл енді менің есер соқтығым
болды, кешірерсіз, Айша апай. (Шоферге) Рахмет, жігітім. (Шофер кетеді.)

И
с а б е к . Міне, дастарқанның
ажары енді кірді... келгеніңіз мұндай
жақсы болар ма, Айша апай.

 Айша
апай. Сендер үшін мен жердің түбіне баруға даярмын ғой, бала-бауырларым-ау.
Алқа-қотан отырып бас қоспағанымызға біраз замандар болды-ау шамасы...

Иосиф
Татаевич. Бері, бері, төрге шығыңыз. Жайғасып отырыңызшы,
Айша апа, сізбен көріскеніміздің өзі қаншама ғанибет.

Айша
апай. Рақмет, Өсіпбай. Қарап отырмын, әлі баяғы қалпың.

И
с а б е к . Айша апа, мына Гүлжан деген сыпайы келіншек біздің үйдегі келініңіз болады.
Басқаларын өзіңіз танитын
шығарсыз.

Айша
апай. Е, айналайын-ай, бала-шағаларың аман ба? Бұлай
жүзбе-жүз көріспегеніміз болмаса, сыртыңнан жақсы білемін. Анда-санда
телевизордан да көріп қаламын.

Гүлжан. Сіз
туралы көп естігенмін апа, шүкір, бүгін өзіңізді көріп отырмын. Көңіл тазада құтты
қонақ келеді деген осы. Айша апай. "Бәріміз жиналып осылай баратын болдық,
келіңіз" деп Алмагүл телефон соққанда, жүрегім жарылып кетер ме екен деп едім.

Досберген.
Бұл идеяның иесі алдыңызда отырған мына мен боламын,
апа.

Айша
апай. Оған күмәнім жоқ, айналайын. Машина
жіберіпсің, рахмет. Әйтпесе бұл жерге жете алам ба, сендердің үйлеріңе дейін
автобуспен келгенмін, құрысын, адам деген сыймайды. Демалыс болған соң ба, әйтеуір
ығы-жығы. Бәрін айт та, бірін айт, өздеріңді көргеніме шүкірлік етіп отырмын.

Мәмбет.
Енді қай жағынан алсақ та орта толды деген осы.

Иосиф Татаевич. Жолдастамада, рұқсат етіңіз.

Г
ү л ж а н . Сөз жолдас Татаевқа
берілді.

И
с а б е к (сыбырлай).
Әркімнің атағын да, лауазымын
да жариялап отыру керек.

Г
ү л ж а н . Ондай да салты бар ма еді. Сөз институт директо-

рь,
ғылым докторы, (Исабекке сыбырлап.) қай
ғылымдікі еді өзі?

И
с а б е к (сыбырлай). Тарих, тарих. Соны да ұмытып қалғансыңба?

Г
ү л ж а н . Қазір ғылым дегеннің
саласына сан жетпейді, қайсыбірі
есте қалушы еді...

Досберген.
Бірақ ол шұбырындыға Өсіпбай кірмейтін шығар. Кұрықты қорлыққа салғалы жүрген жоқ па осы күні.

Иосиф
Татаевич. Жарайды, қойыңдаршы енді. Менеш-кім де емеспін.
Айша апайдың алдында Өсіпбаймын. Бітті
шаруа. Бұдан
былай мені Өсіпбай деп атауларыңды өтінемін.

М
ә м б е т. Сені түсінудің өзі қиындап кеткен екен. Біресе былай ата, біресе
олай ата деуің қай бұлтағың.

Иосиф
Татаевич. О жағын кейін, менің айтайын дегенім мынау... Бүгін біздің
бәріміздің бас қосып отыруымыз үлкен мейрам, жолдастар! Мұндай бас қосуды
жеңістің жиырма бес жылдығында бастаған мен едім. Мыналардың бәрі болды, ол
кезде, Айша апай, сізді іздестіріп таба алмадық, бір жаққа кеткен бо-

луыңыз
керек. Міне, бүгін, Досберген мен Алмагүлдің дастарқанының басында қолыма тиген мүмкіншілікті пайдаланып, мектеп
қабырғасында бізге, осы отырған
жігіттерге берген тәлім-тәрбиеңіз
үшін шын жүректен алғыс айтқым келіп отыр. Қазір республикаға
еңбегі сіңген үлгілі ұстаздың
бірісіз. Біздер болсақ өзіңізге
белгілі, өте маңызды істермен шұғылданып жүрміз.

Досберген.
Әй, сенің маңызды ісіңнің бұл жерде қажеті не? Одан
басқа еске алатын ештеңе жоқ па
бізде.

Иосиф
Татаевич. Егер ғылыми советте біреу дәл сен сияқты
киліксе, "жалтырат табаныңды" деп қуып шығар едім.

Бәрі
күледі.

М
ә м б е т . Құдай сақтап ғылыми
совет емес, Көктөбенің басында отырғанымызға шүкіршілік. Кешірерсің, Өсіпбай, менің есіме бір жайлар түсіп
отыр. Келіншектерге айтам. Алтыншы класқа көшкен жылымыз, Айша апай тарихтан
беретін мұғалім Ердей Хасеновичке күйеуге шықты да кетті. Туған анамызды біреу
алып қашқандай,
қызғаныш дегенде шек жоқ. Өз
басым бұл кісінің күйеуінің сабағына
баруды да қойдым. Ол үшін талай
сыбағамды да алдым. Еркек пен
әйелдің арасында махаббат
болады деген ол кезде түсімізге де
кіріп шықпайтын. Біз бұл
кісілердің махаббатын өзімізге
жасаған опасыздық деп ұқтық. Әй, балалық-ай.

Г
ү л ж а н . Ол кісі қазір бар ма?

Айша
апай. Жоқ, Сталинградта опат болды.

Иосиф
Татаевич. Аса мейірбан адам еді, марқұм.

Айша
апай. Бәрі де өтіп кеткен дүние ғой. Бірақ, өзі де қиналып жүрді. Балалар бұртиып сырт айналып кететін көрінеді. Ау,
анау боқ мұрындарыңа айтсайшы, маған сәлем беруден қалып барады. Кінәм қайсы менің" дегені әлі күнге дейін есімде.

И
с а б е к . Ол кездегі Айша апайды көрген жігіттің шарқ ұрмасқа шамасы жоқ.  Бала болсақта бекер қызғанбадық-ау
деймін.

М
ә м б е т. Көрдіңіз бе, Айша апа, "қыздың соры сұлулығы. түлкінің соры қызылдығы" дегенге сонда көз жетті
ғой.

И
о с и ф Татаевич. Сондықтан да мен осы тосты, Айша апа, сіздің аналық әзиз жүрегіңіз үшін,
адамгершілік биік парасатыңыз үшін, денсаулығыңыз үшін алып жіберемін.

Айша
апай.Рақмет, айналайындар,көп жасаңдар.

И
с а б е к . Мен сіздің балаңызды көрдім
ғой. Алғашында танымай қалдым,
дырдай жігіт боп өсіпті.

Айша
апай .Әкесіне тартқан ба екен?

И
с а б е к . Аузынан түсіп қалғандай.

Айша
апай. Үйлі-жайлы болды, қазір
Қарағандыда. Екі немереміз бар. Келінім
де жақсы бала болып шықты. Іші-бауырыңа кіріп тұрады. Көзім тіріде өзім
асырап, тәрбиелеп берем, баланың көбі жақсы деп құлақтарына құйып отырам. Біздер болсақ, соғыстың
кесірінен тілеуіміз кесіліп қалды.
Жолдасым марқұм майданға аттанарда "баламыз біреу-ақ" деп арман қып кеткен- ді.
Жалғызыңды көзіңнің қарашығындай сақта, бұдан айрылсаң біздің жер бетіндегі тамырымыз тартылып,
жұлынымыз үзілді дей бер,
одан қалған тіршілік тұл-түнек
деп еді. "Егерде немере көргенше тірі болсаң, өзіңді бақытты сана,
ештеңеге өкініш айтушы болма"
дегені және бар.
"Кітаптарымды балам үшін сақта, менің балама
бұдан артық қалдырар мұрам жоқ" деп қайта-қайта тапсырды. Оралмасын сонда өзі де білген екен марқұм. Бәрі де, бәрі де болды
ғой, махаббатта, шаңырақ та жарасты. Тек баяны аз болды. Демек,
тағдыр солай... Сендерге,
жастарға қарап қуанам да, бекер өмір кешпеппін деп көңілге медет санаймын.

Г
ү л ж а н (Исабекке). Әй, жазушы сымақтар, әдебиетті саудаға салудан басқа
кәсіптерің бар ма, Цейлон сапары, Мали сапары, тағы басқа сапарларың жайлы кез
келген справочниктен оқуға болатын шатпақтармен әуресіндер. Оны және туынды дейсіңдер-ау, тумай туа шөккірлер.

И
с а б е к . Мұнымен не айтқыңыз
келіп еді?

Г
ү л ж а н . Жан-жүйеңді
билеп, жүрек тебірентер шығарман қайда?
Ақпанның алай-түлей боранындай арпалысқан адам тағдыры қайда? Қит етсе "Біз Шекспир емеспіз,
біз Шекспир емеспіз" деп
шыға келесіндер. Бұл әрине,
өнердің жалына жармасқан дарынсыздың
дәрменсіз дәлелі ғана.
Шекспир болмасаңда өз бойына шақ
шындықты айтуға
шамаң келе ме? Сенің кітабыңның бетінде жүрегіңнің
өртіне оранып шыққан
бір ой қашан болады.

И
с а б е к . Сен, жарқыным,
театр сахнасында тұрған жоқсың. Фудзияманың
басында бұлай ойнама.

Г
ү л ж а н . Әлбетте, бірақ сен
де әдебиетпен бұлай ойнама. Менің жарам жеңіл.
Сендердің қолдарыңнан ойымдағыдай дүние  туса
соны ойнау үстінде, сахнада өліп кетуге даярмын. Ал сен ше? Сен өз еңбегіңнің
адалдығына басынды беруге бел байлай аламысың?

И
с а б е к . Мен оған
өмірімді бағыштаған адаммын, мүмкін, соның бәрі
сен үшін шығар, байқа,
менен ағаттық.

Алмагүл.
Гүлжан, саған не болды?

Г
ү л ж а н . Мен өнердің өресін айтып тұрмын. Тек бұра, бұза түсінбеңдер.

М ә м б е т. Өз басым Гүлжанның айтқанына
қосылам.

И
с а б е к . Қосылғанда
қандай, мұңдайға сен
әрдайым даярсың. Сынау
мен мінеу кімнің қолынан келмейді.

М
ә м б е т . Әңгіме
сынауда да, мінеуде де емес.
Бүкіл адам баласының
тарихында әр ұрпақтың кеткен өмірі, опық
пен өкініші, жеңісі мен жемісі аралас жолы әдебиет
пен өнерде ғана өз
өлшемін табады. Сол
таразыға біз де түсеміз.
Бізден де келешекке қалар үлгі-үрдіс, шүкір, баршылық, қалай
өмір кештік, не үшін күрестік?  Бізден кейін қалай
болу керек? Осының бәріне жауап беретін тек қана әдебиет пен өнер.

Ә
н у а р. О, жаратқан, мынау тағы да жұрттың көзін ашып, уағыз айтуға кетті.

И
с а б е к . Әдебиет жайлы осы
жылы сөздеріңе рақмет. Бірақ осынша жүкті тек қана әдебиет арқалап шығады дегеніңіз
артықтау сияқты. Біздің тағдырымызды сарапқа салар одан да басқа тарихтың құбылыстары
барын ұмытпау керек. Әдебиет
деген не? Оның қолынан не келеді?

М
ә м б е т . Біздер бала емеспіз ғой, Исабек. Бізді өкшелес ұрпақ алдында жалаң қабат шығарып сала қоятын әдебиеттің маған керегі жоқ. Біз өткен кезеңнің өз ұлылығы бар емес пе? Мысалы, мына отырған Айша апайдың шашы күнге ағарған жоқ, әр
тал ақ шашында әрқайсымыздың тағдырымыз бар емес пе? Өз басым осы кісінің
бейнесі әдебиетте жайдақ шаршы емес, бар болмысымен, жан-жүйесімен көрінсе екен
демекпін. Өзіміз жайлы айтар
шындық аз ба? Мәселе
сонда жатыр ғой,
жаным-ау. Өйткені келер ұрпақ қадір-қасиетінді бағалай отырып, қателігіңді бетіңе басуды да біледі. Өзің мойындап кетсең үлгі болмаспысың, келешек қамы сенің
қателігіңді қайталамауда
жатқан жоқ па...

Г
ү л ж а н . Міне, азаматтың,
еркектің әңгімесі деп осыны айт. Құдайды көз алдында, осы
Фудзияманың басында бар деп қояйық, сол құдайдың алдында тек шындықты, тек
шындықты ғана айтайықшы. Құпияның құлпын сыр сандықтың кілтімен ашайық. Сізден
бастадық, Иосиф Татаевич.

Иосиф
Татаевич. Мені Өсіпбай деп атаңдар
деген өтініш айтқаным
бар емес пе.

Г
ү л ж а н . Ғафу, ғафу, өзіңізден басталсын, Өсіпбай. Қызмет дәрежесі жағынан да сенен жоғарысы жоқ екен.

Иосиф
Татаевич. Әңгіме
дәрежеде емес, өзі
былай ғой, жолдастар. Мен осы,
жаңа ғана сөйлеген
сияқты едім, сондықтан...

А
л м а г ү л . Жоқ, Айша апайдың аңсап отырғаны басқа.

Иосиф
Татаевич. Ендеше былай, баяғы өзіңіз аттандырған майдан сапарынан бері
талай-талай замандар өтті. Алдымен артиллеристер дайындайтын училищеде оқыдық,
содан кейін соғыстық, ақыры аман-сау оралдық... қысқасы осы.

Ә
н у а р . Мұның
бәрі жалпылама сөз. Сен басқа жаққа тартып кеттің. Әркім өзі туралы, өзінің тыныс-тірлігі
жайлы айтсын деп отырған
жоқпыз ба?

Айша
апай. Ие, ие, маған содан артық жырдың да, сырдың да
керегі жоқ. Өз қолыңнан ұшқан балапанның азамат болып, ат арқасына
мінгендегі қуанышына
не жетсін...

Иосиф
Татаевич (галстугін жөндеп). Сонда тек өзім туралы ғой...

М
ә м б е т . Неге қиналып
отырсың ?

Иосиф
Татаевич. Жоқ, әңгіме
онда емес. Мен білетін рауаяттарда мұндайда сөзді тамаданың өзі бастап, басқаға бағыт-бағдар сілтеуші еді...

И
с а б е к . Онда мен-ақ бастайын.
(Бәрі де "тамада ", "тамада " деп шулап қоя береді.)

Г
ү л ж а н . Ә, ө, солай
ма, аңдығандарың мен,
іздегендерің шындық болса қиналар жайым жоқ, бастадым ендеше. (Айша
апайға.) Апай, сіз де келініңіздің кім екенін білгеніңіз абзал.

Айша
апай . Өй, айналайын, сөйтші.

Г
ү л ж а н . Сонымен
актрисамын. Мені жұрттың бәрі біледі. (Пауза.) Соғыс кезі, тұрмыс ауыр, әке-ағалар
майданға кеткен. Қырық төртінші жылы он төрт жасымда тігін фабрикасында істедім.
Сонда жүріп өмірімде бірінші рет ұрлық жасадым.

И с а б е к (намыстанып). Мынау не деп кетті. Басқа бір жөні түзу
сөз түспеді ме аузыңа...

Г
үл жан . Бөлме сөзімді. Мен үшін
намыстанбай-ақ
қой... Шындықтан артық жөні түзу не болушы еді, "Сенің сахнадағы ойыныңда
шыңдық шамалы" деп сынағанында мен үндемеймін ғой. Өйткені шындықты суға,
өмірді дуға айналдырып жазуға өзіңнің етің әбден үйренген. Сен жазып, мен ойнай
алмасам әңгіме басқа. Ал дәл қазір өзім туралы бар шындықты айтуға правам бар
шығар.

Айша
апай. Әй, айналайын, қысылма, бәрі өзіміз ғой...

Г
ү л ж а н . Ол ұрлықты
мен жетіскенімнен жасаған жоқпын. Шешем
ауырып жатты, өзімнен кіші інім бар. Карточкаға алған нанның жайы белгілі. Бір күні әкемнің қаралы қағазы келді. Майданда опат болыпты. Көршілер көңіл айтып келе бастады. Оларға дәм
ауыз тигізуге жағдай шамалы. Ешкімнен көк тиын қарыз, қос уыс
дән ала алмайсың. Содан кейін келдім де, ішімнен екі еркек көйлекті
киіп фабрикадан шықтым.
Ертеңіне базарға апарып сатып, соның ақшасына
келгенінше картошка, ұн, аз ғана май алып әкемнің
жетісін бердік. Осы кезде ойлап кетсем, сол екі көйлек тәніме
кірпік шешендей қадалып тұрғандай болады. Кейде түсіме енгенде шошып оянамын. Егер осы
Фудзияманың басында әділет құдайы бар болса - кешіре гөр осы қылмысымды деп жалбарынамын бүгін.

И
с а б е к (ызаланып).
Тағы, тағы да, тағы да қандай ұрлық жасадың?

Г
ү л ж а н . Керек болса оны да айтам... Жасымнан өнерпаздар үйірмесіне жақын жүрдім. Соғыс бітісімен театр училищесіне түсіп, оқып
жүргенде мына сұмырайға кездестім{

И
с а б е к . Мәссаған. бәрінің байы мендей сұмырай болса, құдайына күнде бір қой шалып отырар еді.

Г
ү л ж а н . Мен сен үшін қой
түгіл, тышқан мұрнын да қанатпас едім.

Досберген.
Ау, ағайындар, ағайындар. Бұл жерде сендерден басқа жұрт бар екенін ұмытпандар!

Г
ү л ж а н . Кешірерсің, Досберген, шегініске жол жоқ, айтып болайын. Бұл оқуын бітіріп газетке, мен театрға
орналастым. (Пауза.) Соңда барып, соңда барып ешбір құдай
кешпейтін, кешірмейтін ұрлығымды жасадым. Оны өзім де кешпеймін, құдайдан да
кешірім сұрауға бетім жоқ. Ол кінәм "әзір басымыз жас, бала қайда қашар"
деген мына жауыздың тілін алғаңдығым, сол бір қарғыс атқан түні жасаған ұрлығым...
Міне, содан бері,
содан бері...

И
с а б е к . Сен өзің мас болып қалған екенсің!

Г
ү л ж а н . Иә,
маспын, қанымды қарайтқан өз уыма өзім масс болып
тұрмын. Айша апа, сіз анасыз, сіз өз балаңыз ғана емес, көпке ана болдыңыз. Өзі ана болмаған адам, майданда балаларын жоғалтқан
аналардың рөлін қан жыламай қалай ойнамақ.
Бақсам, майданда баласын жоғалтқан ана менен әлдеқайда
бақытты екен. Өйткені, онда еміренген аналық сезім болды ғой. Ал
мен болсам, Өз қолымнан, өз қолымнан... Неге ғана, неге ғана...
Кешіріңіздер, кешіріңіздер, құдай үшін кешіріңіздер... (Булығып шығып кетеді.)

И
с а б е к (қипалақтап). Мен бар ғой... оқасы жоқ, кейде мұның осындай мінездері
болып тұрады. Оған мән
бермеңіздер, мен қазір
өзім әкелем. (Кетеді.)

Айша
а п а й (өкінішті). Обал-ай, байқамай әп-әдемі
отырыстарыңның шырқын
бұздым-ау.

М
ә м б е т . Сіз
қысылмаңыз апай, о не
дегеніңіз, әңгіме
сізде емес, Гүлжан ақ көңіл, ашық мінезді
адам. Күйініп жүріп шынын айтады,
шынын айтып, тағы күйінеді.

Айша
апай. Иә, солай
екен ғой өзі.

Иосиф Татаевич. Әркімнің бір арманы бар деген осы. Баланың
барына не жетсін, бірақ қазір соны тәрбиелеу де оңай емес.

Досберген. Дұрыс айтасың, сәби күнінде
бір сәрі, ал қазіргі жастарды түсіну қиын. Өмірі сен естімеген, үш ұйықтасаң түсіңе
кірмейтін бірдеңелерді соғып отырғанда есің шығады. Бір нәрсе дей бастасаң,
"осы ақылың да жетер, тойдық" деп ауызынды аштырмайды.

А
л м а г ү л . Неге солай екенін ойлаған күнің болды ма? Мүмкін олар сенен үлгі
тұтар қасиет көрмейтін
шығар? Олардың бойынан сен нендей жақсылық байқайсың?
Өз басың қандай ақыл
бере аласың? Өзара сөйлескенде олардың көңіліне қонар, ойын байытар қаңдай жаңа
информацияларың болады?

Досберген.
Қайда сілтеп барасың, жаным-ау. Мынау аяқ алысыңа
қарағанда ұзамай
ерлі-зайыпты адамдар да бір-бірін жаңа информациялармен
байытып отыру керек дегенді шығарарсың.

А
л м а г ү л . Шығару емес, дәл осындай жай ең алдымен ерлі-зайыпты адамдардың арасында мықты болуы
шарт.

Иосиф
Татаевич. Кешіріңіз, әрине, ерлі-зайыптының бас
иері алдымен махаббат.

А
л м а г ү л . Әрине, махаббат немесе жаңа менің байым айтқан бірін-бірі жаңа информациялармен
байытып отыру.

Досберген.
Ұқсам бұйырмасын... Сонда біз екеуіміз қалай болғанымыз?
Мен сияқты қарапайым
агроном, өз басым сені жаңа информациялармен
байытып жүрмін дей алмаймын.

А
л м а г ү л . Мен де қарапайым
мұғалимамын. Бірақ күндердің күнінде
бұл туралы саған да айтар болармын.

Досберген.
Көрдіңіз бе, Айша апа, бұл заманның әйелдері қалай-қалай қиғыстайды. Шіркін, дүние-ай, феодализм
кезіндегі әйелдер қарасын көрсетпей кетті-ау. О заманда байың айтты, бітті шаруа.

Ә
н у а р . Өйтіп зарламай-ақ қой,
Досберген. Әлі де сендерді шама-шарықтарыңа
қарай еркелетпей жүргеміз жоқ.

М
ә м б е т. Бізді неге еркелететіндеріңді
білуге бола ма? Жаңағы шама-шарқы
дегеннің шегі бар ма?

Ә
н у а р . Бар, неге болмасын.

Досберген. Ғылыми-техникалық революцияның шалқып тұрған
заманында әйелге бай болу да оңай емес екен.

М
ә м б е т . Бәрінен өзіңмен-өзің болу қиын.

А
л м а г ү л . Бұл сөзіңді құптауға
болады.

Иосиф
Татаевич. Өзіңмен-өзің болу деген не деген сөз? Мәмбет
екеуің тағы не бастап отырсыздар.

А
л м а г ү л . Онда не тұр? Бұл қым-қиғаш стандартизацияны туғызған проблемасы. Социологтардың бүгінгі бас қатырып отырғаны осы.

Иосиф
Татаевич. Ал сендерге не жоқ, солай-ақ болсын дейін, немене көрінгеннің
көрпесін өлшеп жүру керек пе? Болары болды, бояуы сіңді. Тарихтың тегершігі кері айналмайды.
Сендер не десендер, о деңдер, не болу керек, сол болады.

М
ә м б е т . Ау, бірақ адам әрбір тарихи процеске өзінше ой жүгіртіп,
байыппен қарамас па.

Ә
н у а р . Сен осы тарихқа
байыппен ой жүгіртіп қараудан
басқа қолыңнан не келіп жатыр. Одан не бітірдің! Тарих болса өз бетімен кете береді, сен болсаң сол баяғы
мектебіңнің қабырғасынан әрі ұзамайсың.Досберген.
Айша апа, қазір осылардың бәрін Фудзияманың басынан қуып шығайын ба? Немене, сендер осында
айтыс ұйымдастырып данышпандықтарыңды дәлелдеу үшін келдіңдер ме? Айша апай екеуіміздің
миымызды ашыттыңдар ғой, тәйт әрі, ақылдарынды бастарыңа шайнап жақ. Айша апай. Қой, қой, олай деме,
Досберген. Бұлардың сөзіне
мен де ұйып отырмын.

Досберген.
Жо, жоқ, бұлай болмайды. Бұл жерде хозяйн мен, бұлар қонақ. Қонақ екенсің іш, же, көңіл көтер. Не боп барады өзі. Біреуі өзара керілдесіп тайып берді.
Енді біреулері ғылыми-социологиялық
көкпарға түсіп жатыр. Мына, мен
сорлы, әйелім информациямен байыта қоймайтын қасқа, далада қалуым керек пе? Көне алмаспын бұған.
Кешіріңіздер, аналарды сүйреп әкелейін. (Кетеді.)

Айша
апай. Әй, балапандарым! Баяғы
бала күндерің есіме түсіп, бүгінгі қалыптарыңа бойым үйренбей отыр. Бәрі өзгерген, ие, уақыт деген
өз өкіміне көндіреді. Пауза.

Ә
н у а р . Жолдас директор, Өсіпбай
жарқыным, былай шығып шамалы әңгімелесейікші,
бәрібір сенің қабылдау
бөлмеңе біздің қолымыз жетіп жатыр ма?

Иосиф
Татаевич. Сол да сөз боп па
екен? Менің есігім кімге болса да әрдайым
ашық. Ал сен дегенде қақпа алдына шығып қарсы
алуға даярмын. Бірақ, бәрібір, сен келмейсің ғой... кеттік.

Ә
н у а р . Мәмбет!
Мақсуда Мәскеуден оралғанда тапа-тал түсте екеуі қол ұстасып кетті дерсің. (Мәмбет басын
изеп күледі, Татаев, Әнуар шетке шығады.) Өсіпбай, сен енді Мәмбетке қол ұшын берсең нетті. Қалаға көшкім келеді. Кейде президиумда отырған өзінді телевизордан көргенде ішім удай ашиды.
Алыстағы алдамшы сағымдай бар өмір босқа өтіп барады. (Пауза.) Сонау бір кеш
есінде ме? Мен институтты бітіріп бара жаттым. Сен болсаң Мақсудамен қалдың. Барған соң Мәмбетпен
кездестім. Әттең сол кезде ғой сенің бір
ауыз жылы сөзің болғанда... қойшы әйтеуір, бәрі өтті де кетті, оны еске алғаннан не пайда?

Иосиф
Татаевич (кісімсіп). Вот именно.Үйдің
мызғымас мүлкіндей әлдеқашан орын-орнымызға мелшиіп тұрып қалғанбыз. Бұл тірлік
неге бұлай болды екен? Өмір деген өкінішке толы. Амалың қанша? Тағдыр, тағдыр... Әнуар...

Ә
н у а р . Әлбетте, әлбетте, жалпы ол да, сен де, бір-біріңе дегендей... менің айтайын дегенім ол
емес, онан да бір бет қыңырлығынан көк тиын пайда жоқ екендігіне Мәмбеттің көзін жеткізу керек. Мұның қолынан бәрі келетін адам.

Иосиф
Татаевич. Келгенде қандай. Осының орнында басқа
біреу болса әлдеқашан академияда отырар еді. Бірақ, сенің

түсінуің
керек - бұл қазір
тоқырап қалған адам. Әрине, бір
мектепке завуч етіп орналастыруға ұсыныс
жасап көруіме болады. Ал,
одан әрі аса алмайтыны есінде болсын. Өзің көріп отырсың, небәрі орта мектептің
мұғалімі ғана. Соған қарамай кең ойлап, кесек турағысы келеді, неткен менмендік
десейші. Өз басым арғы-бергіні түсінетіндіктен, оның үстіне бала күнімізден
бірге өскесін шыдап отырмын. Ал менің орнымда басқа біреу болса, бірге отырмақ түгіл
мұнымен сөйлесуді өзіне ар санар еді.

Ә
н у а р . Қайт дейсің енді. Ем қонбайтын Дон-Кихоттың өзі. Бірақ әңгіме мұның басында да емес. Аңғарып отырған шығарсың... Ашығын айтпай оның несін сенен жасырам. Қанша айтқанмен сенен бүккен сырым болған жоқ қой. Қайткен күнде де осы мектептен, тіптен, осы ауданнан
бізге кету керек. Байқаймын, Алмагүл мен Мәмбеттің арасында бір пәле бар. Оны іштей сезем.
(Жылайды.)

Иосиф
Татаевич. Қой, қайдағыны айтпа, ол мүмкін емес. О не дегенің?
Сендей әйелдің көзіне
шөп салу деген... Оның енді... әбден
көзің жетті ме? Сен деген, көрік десең көрік...
Қой, олай емес шығар, ә?

Ә
н у а р . Білмеймін... білмеймін. Әйтеуір бағана
Алмагүл "ерлі- зайыпты
адам бірін-бірі информациямен байытып отыру керек" дегенді бекер айтқан жоқ. Мәмбеттің де теориясы осы.

Иосиф Татаевич. Бұл жағын Досберген сезе ме?

Ә
н у а р . Жоқ, ол
бейхабар, байқатпайды
ғой. Тек мен өзім ғана сезем. Құдай үшін саған ғана айтып отырмын. Тісіңнен шығара көрме, беті
аулақ...

Иосиф Татаевич. Менің
ішімде түлкі тұншығып, арыстан арам өліп жата береді. О жағынан қам жеме. (Бұлар дастарқан басына келеді.)

Айша
апай. Өсіпбай айналайын, сұрауға
бата алмаймын. Осы сенің үйіңдегі келін қайда?

Иосиф Татаевич. Айтуға менің де есімнен
шығып кетіпті, келініңіз Мақсуда - химик, диссертациясының шаруасымен Мәскеуге
кеткен. Екі баламыз бар, үлкені биыл институттың үшінші курсында, қызымыз тоғызыншы
класта оқиды. Шүкір, өмірге әзір өкпем жоқ.

Айша
апай. Бәрі қайырлы
болсын, жақсы екен, жақсы екен...

Иосиф
Татаевич. Әзірше бір ғылыми институттың директоры
болып жүріп жатырмын. Жұмыс әрі
жауапты, әрі күрделі, сонысымен қызық.
Бірақ жақында жоғары жерге шақырып кенескендей болды, шамасы ұзамай
қызмет бабынан бір өзгеріс болатын сыңайы бар. Өмір талабынан кенже қалғың
келмейді - демек диссертацияны да қорғап
алдық... (Гүлжан, Исабек, Досбергендер келеді.)

И
с а б е к . Кезінде бір данышпан Семейный
сценаны - капитальный ремонт любви" деген екен, ақыры солай болатын шығар, кешіріңіздер, ағайын.

Гүлжан (ақ жарқын). Назар аудармаңыздар,
біздің өмірімізде капитальный ремонт деген жиі болып тұрады.

Ә
н у а р . Ой, қойындаршы,
әлдеқашан ұмытып кеттік ондай әңгімені...

Г
ү л ж а н . Дұрыс,
дұрыс, сондай-ақ
болсын. Кәніки, онан да жұмысымызға
кірісейік. Фудзияманың басындағы
сырласуды жалғастырайық... Кәне, ендігі кезек кімдікі еді?

Иосиф Татаевич. Онан да көңіл көтеріп, ән салып, еркін отырмаймыз ба? Сондай ойынның керегі не?

Г
ү л ж а н . Ә, мына қара, тапқан екенсіңдер!
Маған бәрін айтқызып алып, өздерің сүттен ақ, судан таза боп шыққыларың келіп отыр
екен ғой, жоқ, болмайды, ағайындар, мен оны ойын
деп бастаған жоқпын, баста келістік пе солай, бітті шаруа. Ендігі кезек сіздікі, жолдас Өсіпбай, жолдас Иосиф Татаевич, құлағымыз сізде.

Иосиф
Татаевич. Ау, бұл немене, тергеу ме?

Г ү л ж а н . Беті аулақ, бірақ
жолдастарыңызды да сыйлаңыз. Айша апай. Ойынға айналдырмаңдаршы енді. Өсіпбай, айналайын,
жаңа тым тәуір бастап айтып келе жатыр едің...

Иосиф Татаевич. Жарайды, тек сіздің құрметіңіз
үшін ғана, Айша апа. Сонымен
ғылым докторымын. Мен мұнда үй ішім, қызметім
жайлы айттым. Енді өзі белгілі ғой,
так, диссертация қорғалды, жұмыс жүріп
жатыр дедік. Әйел де қорғаудың
қамында, өзім жаңа бір еңбегімді
жарыққа шығарудың әрекетіндемін. Оқымысты болған соң, еңбегіңнің уақтылы шығып тұрғанынан зиян жоқ.

Ә
н у а р . Ойбай-ау, оның не зияны болушы еді. Мына Мәмбетке " айналаңа қарасайшы, жарқыным, олардың ақылы сенен асып бара жатқан жоқ, басы екеу
емес" дедім ғой мен талай рет. Біз білетіндердің қаншамасы диссертация қорғады! Дәнеңелері кеткен жоқ, қағанағы қарық, сағанағы сарық жүріп жатыр. Сол мұның қолынан да келеді. Бірақ кежегесі кейін
тартып баспайды. "Мен ғылымда
шабақ аулағым келмейді"
деп шіренеді. Сенің шабақ шортанында
жұрттың несі бар, керек тақырыпқа жаздың ба, бітті.

Иосиф
Татаевич. Тақырып өз алдына, оның актуальды жағын ойлау керек,
материал жинау да оңай емес, ең бастысы қателеспеуде жатыр.

Мәмбет.
Осы әңгімені бекер қозғадың, Әнуар.

Ә
н у а р . Қойдым, қойдым, мектебіңнен айрылма. Өле-өлгенше у-шудың ортасыңда,
біреудің балаларын оқытумен кет. Өзіңнің де, өзгеніңде жанын жегідей же де жүр.
Бұл дүниеден атың да, затың да белгісіз боп кетсін. О бастан
кеткен бір қателік, енді жөнделмейді.

А
л м а г ү л . Меніңше,
Мәмбет дұрыс айтып отыр.

Ә
н у а р . Әрине, әндерің әлдеқашан жарасып жүр ғой.

А
л м а г ү л . Өмірде әркімнің өз орны бар. Мәмбет біреулердің баласын оқытып тәрбиелейді. Ал Өсіпбай болса
"республикамыздың оңтүстік
аудандарындағы еңбекшілер арасындағы интернационалдық тәрбие" жайлы диссертация жазады.
Айтпақшы, неге ол оңтүстік аудандарда?
Сонда батыс, шығыс, терістік аудандардағы интернационалдық тәрбие басқа әдіспен жүре ме? Осы жағы маған түсініксіздеу.

Иосиф
Татаевич (қызынып). Басқаша әдіс бар деп ешкім айтпаса керек,
тек ғылыми-зерттеу жүргізілген аудандар көрсетілген.

Алмагүл. Ғылыми-зерттеу дедің ә? Мен диссертациянды оқып шықтым. Көбіне, өткізілген жиындардың есебі, газет мақалаларынан
баяндау, қай ұлттан қанша кыздың қай ұлтқа шыққанын - интернационализмнің шырқау биігі дегенді дәлелдеуге тырысыпсың. Ол да сөз болып па, содан басқа тағы не бар еді?

Досберген (әйеліне). Ау, қайда, қайда
кетіп барасың, шынымен дауласқың келіп отыр ма? Шырағым-ау, Өсіпбай соған ғылыми дәреже алды ғой... Әрине өзі үшін... Байқап, байқап сөйле. Немене, Өсіпбай жалғыз
деймісің... қой әрі, о не дегені... доғар әңгімеңді...

Иосиф
Татаевич (Досбергенге). Сенде көңірсітіп барасың, алдымен өзің
доғар әңгімені. Бұл пікіріңе түп-тамырына дейін қарсымын. Мен бұл саладағы
бүкіл тәжірибені саралап, салмақтап шықтым. Интернационализм дегеніміз -
коммунистік құрылыстағы
ең манызды принциптің бірі.

М
ә м б е т . Оған не дау бар. Екі жердегі екіден төрт шығуы қандай ақиқат болса, бұл да сондай ақиқат.
Әңгіме сенің ғылымға қаншалықты үлес қосқанында
болып отырған жоқ па?

Иосиф
Татаевич. Сол ғылым төңірегіндегі жұртта бірдеңе түсінетін шығар, бауырым.
Шынтуайтына келгенде
пікір айтатындай сен кім едің? Бұл мәселеде
сенің не шаруаң бар?

Мәмбет.
Шаруам болғанда қандай. "Өзіңнің де, өзгенің де жанын
жегідей жеп у-шудың ортасында біреудің балаларын оқытумен кет" деп біздің әйел жаңа ғана айтты ғой. Мен тарихтан
сабақ берем. Мен бірақ қай соғыстың қашан, кіммен болғанының дерегін баяндау
емес, ең алдымен, адам баласының тарихы, өткен жолы бүгінгілердің өміріне сабақ болуына
бар күшімді салам. Мен, интернационалдық ынтымақ елдіктің, бостандықтың, бірліктің  терезесі
теңдіктің бірден-бір түп қазығы екендігін ұғынғанша, адам қауымы қаншама қиын кезең, ауыр жолдардан өткенін оқушыларым да, тыңдаушыларым да терең түсінсе екен деймін.

Иосиф
Татаевич. Жетер, жетер, сен мектепте сабақ беріп тұрған жоқсың. Оны біз де білеміз. Бәрі де айдан анық.

М ә м б е т. Дәл сен ойлағандай ғана сабақ
беріп жүрсем менің құным көк тиын. Жоқ бауырым, мектепте шын мәнінде ұстаз болу
оңай шаруа емес. Әрбір істің өз мұраты, өзінің қат-қабат математикасы бар. Өз
басым бұл жағын толық меңгердім деп білемін.Осыған орай өзгелердің де өнерді қалжаға,
ғылымды саудаға айналдырмай, өз ісінің қат-қабат математикасының сыр-құпиясына жетік,
жүйрік сандақ болғанын қалар едім.

Ә
н у а р . Қойшы әрі, өз басыңды жарылқадыңда, енді біреуге ақыл
айтуың қалды ма?

М
ә м б е т . Сен бар ғой енді...

Иосиф Татаевич. Әй, осы
бұдан бұрын айтсаң қайда қалдың? Мен еңбегімді барлық достарыма жібердім, бірде-біреуі
"мынауың былай екен" деген жоқ. Сонда өзің неге үндемей қалдың? Ғылым
жолында жора-жолдастық деген болмайды, келіп ғылыми советте неге сөйлемедің, қазір,
міне енді...

Мәмбет.
Тоқта, тоқта! (Пауза.) Бұған кінәлімін, мойындадым. Тек бұл сапар болса ғана жарасы жеңіл ғой. Бірақ осы үндемей қалудың арқасында талай күнәқар болған жоқпыз ба? Басқаны былай қойғанда, міне, бәріміз де бас қосып отырмыз...

И
с а б е к (жедел бөліп). Мәмбет,
босқа арам тер болып керегі не?
Түймеден түйе көруге құмарлығың-ай
сенің. Құдай-ау, түкке аспайтын дүниеге сонша қызыл кеңірдек болатын несі бар. Өмір деген
заулап өтіп барады. Бәріміздің де барар жеріміз белгілі, солай емес пе. Өзіңнің де, жаныңда отырған ағайындардың да көңіліне қарасайшы. Ойбай-ау, бұл жерде диссертация деген де әңгіме боп па,
оны шешетін ғылыми совет деген
бар. Білгіштердің бәрі сонда, айдалада
отырып, бізге не жорық.

Мәмбет.
Меніңше, осылай өзара достар бас қосқанда
ақтан жарылып сөйлескеннің зияны жоқ деп ойлаймын.

И
с а б е к . Олай болса
ендігі кезек менікі.

Досберген.
Уа, жоғары мәртебелі
интеллигенция, жетер енді,
интеллектуалдық дау - шарларыңды жиып қойыңдар. Послушайте меня, создателя материальных благ, потому
что без меня вы никто, пустое место. Да, не смотрите так на меня! Айналайын Айша апа, ойнап айтам, бұлардың дау-далабасы әшейін әңгіме, оған
көңіл бөліп ренжімей-ақ
қойыңыз, біздің бәріміздің, бәріміздің баяғы достық ықыласымыз сол қалпы. Сіз біздің өмір бақи сүйікті
ұстазымыз болып қала бересіз. Ал енді өзім туралы
кеттім, Айша апа. Көріп отырсыздар, мына мен бас агрономмын.
Менің коммунизмім - өзімнің үйімнен басталады. Бала-шағаның қарны  тоқ
па, киімі бүтін бе, дендері сау
ма, шаруа бітті. Маған тек
соғыс болмаса болды. Ешкімге өтірік айтпаймын.
Қызмет бабында ешкімді алдамаймын, ұрлық
жасамаймын, өзімнің адал еңбегіммен жүріп жатырмын, маған сол да жетеді.

А
й ш а  а
п а . Міне, сөздің сұлтаны, өз еңбегіне қанағат
еткенге не жетсін.

Досберген. Тұрмысым жаман емес. Жеке меншік
үй болса жасаулы, машинамыз да
бар. Менің дүние жинағаным әйеліме онша ұнамайды.
"Тым құнығып барасың "
дейтінді шығарды. Онсыз бола ма?
Ау, агроном болған соң өзіне
лайық қонағы бар, ең ар жағы шетелден делегациялар келгенде біздің
үйден бастайды, солардың алдында
совет агрономына жұпыны
көрінудің де өзі ұят емес пе, ол
дүниеқорлық емес, көзі ашық адамға мұның ар жағында саясат жатыр.

А
л м а г ү л . Досбергеннің
осы саясатының арқасында біздің үйдің іші мебель магазинінен айнымайды.

Ә
н у а р . Молодец,
Досберген. Азамат деп осыны айт. Өмірдің рахатын мықтап көріп отырған Досберген сияқтылардың денсаулығына
бір алып жіберейікші.

Г
ү л ж а н . Маған Досбергеннің барын білтелемей, ағынан жарылып, ақтарыла айтқаны ұнап отыр. Өзі туралы жалтарған да жоқ,
жасырғанда жоқ,
жайып салды.

Досберген.
Жаным-ау, несін жасырамын?

Айша
апай (ойланып). Ие, уақыт өткен сайын, адам да өзгере береді
екен-ау. Қараптан-қарап отырып таң қалам... Әлі есімде, Сабырдың
достарының ішінде ең болбыры да, аңқауы
да осы

Досберген
болатын.

Досберген.
Оған таңданатын не бар, Айша
апа-ау, өмір талқысы бәріне үйретеді. Дүниенің ең ебедейсіз мақпұқаты аюдың өзі де бір түйір қант үшін циркте кешке
дейін билейді ғой.
(Бәрі күледі.)

И
с а б е к . Па, па, па, мынауың шықты енді, это образно!
(Айша апа Досбергенге екі ойды қарап қалады.)

Досберген.
Әрине, күлкі үшін айтам, Айша апа. Аю өз бетімен кетсін, менің жөнім бір басқа. Досберген сияқты ақ көңіл, аңқауларға мына Исабектей данышпандар мәз болып күле берсін, мейлі, бәрібір мені бұлар бағалап, түсініп жатқан
жоқ. Мәмбет.
Сенің осы бір көзге ұрып тұратын аңқаулығыңды да түсіне қою оңай емес шығар.

Айша
апа . Айналып кетейіндер. Сендерге қарап
отырып қуанышымда шек жоқ. Біресе дауласып, біресе ойнап-күліп
отырғандарыңа мың шүкір, өйткені менің бар өмірім, тағдыр-таланым сендермен сабақтасып жатыр ғой.
Мен педтехникумді бітіріп, интернатқа тәрбиеші
боп келгенде он сегізге толған жоқ едім.
Ауыл балаларына арналған қаладағы жалғыз интернат болатын. Онда мына төртеуі
екінші класта оқитын.
Айта берсе, талай хикаялар болды ғой...

Г
ү л ж а н . Міні, міні, сол жағын айтыңызшы, апай. Әйтпесе бұлардың бәрі періште болып көрінгісі
келеді.

Айша
апай. Бұларға қарағанда ол кезде періште жолда қалады. Ғажайып балалар еді. Соғыстың басында мені директор етіп тағайындады. Құрысын, не қиындық көрмедік, кәдімгі қырық екінші жыл, соғыстың қан сапырып тұрған
кезі, бір күні бесеуі қаздай тізіліп, қол ұстасып келіп тұр. Ие, не? "Біз майданға аттанамыз"
демесі бар ма. Жаным шығып кете жаздады. "Бұл қай сұмдықтарың, он жетіге биыл келдіңдер, алдымен мектепті бітіру керек емес пе" десем,
бұларға сөз қонудан кетіпті. Өздері әбден бел буған. Менен бұрын военкоматқа барып келіпті.

И
с а б е к . Айша апай, осы жағын баса айтыңызшы. Сондай оқиға
болған десем, Гүлжан осы күнге
дейін сенбейді. Бұл инициативаны ең алдымен бастаған мен едім ғой, есіңізде ме,
Айша апа.

Айша
апай. Жаңылмасам,бәрін бастаған Сабыр болатын.

Г
ү л ж а н (күліп). Суайттығың
көрініп қалды-ау.

И
с а б е к . Бірақ,
енді өзі...

Иосиф Татаевич. Оған таласпай-ақ қой. Бастаған Сабыр болатын.

И
с а б е к (Мәмбет пен Досбергенге).
Әй, сендер неге
айтпайсыңдар, бірдеңелерің кете ме? Исабек еді десеңдерші.

Мәмбет.
Дей алмаймыз, Өсіпбайдың тілімен
айтқанда моральдық правамыз жоқ. Онанда сөзді бөлме.

А
й ш а  а
п а . Әңгіме кімнің бұрын бастағанында емес қой, қазір онда не тұр? Бәрі де бір класта оқиды. Бір бөлмеде тұрады. Менің кабинетіме бесеуі бірдей кірді. Соның алдында Сабыр келіп бесеуімізді бүгінгі сабақтан босатыңыз,
тығыз шаруамыз болып тұр деген.
Содан кейін бәрі
бірге келіп: "Апай, сізден бір үлкен өтініш болып
тұр", - деді. "Ал, айта қойыңдар,
не боп қалды сонша!" - "Біз военкоматқа барып едік, қайтарып жіберді. Мектеп директорынан өз еріктеріңмен майданға
аттануларыңа қарсылық жоқ деген, оның
үстіне бесеуіңді де
бір әскери бөлімге жіберу жайлы өтініштеріңді көрсеткен қағаз алып келіңдер деді. Жүрегім тас төбеме шықты,
есімнен танып қалдым. Енді не демекпін, аранын ашып жатқан ажалға бар дейін бе, әлде басқалар бара берсін, сендер қалыңдар
дейін бе? Әбден сасқанымнан
"ертең келіңдер!"
деп шығарып салдым.
Жалғыздан-жалғыз әрі ойлап, бері ойлап, енді қайттім, әлі буындары
бекімеген бала. Шетінен опат боп кетсе, не ғылам? Әлде жарымжан боп оралса,
не бетімді айтам? Есебін тауып балаларды майданға
жібермендер десем бе екен? Бұлардың Отанға деген пәк махаббаты
мен ыстық ықыласының бетін қайтарып,
жігерін құм қылғаннан не пайда табам? Қойшы, әйтеуір әрі толғанып, бері толғанып, басым дал болды. Болмаған соң
кешке райкомға барып бәрін баяндадым.
Енді қайтем деймін ғой баяғы.
Райком секретары "Балалар өзіңіздікі, өзіңіз шешіңіз" деп қарап тұр. Ертеңіне бұлар да келді. Қағазын жазып военкоматқа жібердім. Шығарып салуға өзім бардым. Қызыл вагонға бесеуін мінгіздім.
Қарасам, кетіп бара жатқандардың
ішіндегі ең жастары осылар... "Құдай-ау, мені не қара басты,
мұным не?"-деп өзімді-өзім
жерлеп таң атқанша жылаймын. Кейін
Сабырдың атасы келгенде қорыққанымды көрсеңдер. Терезеден қарасам түйелі біреу
келіп түсіп жатыр. Сабыр оның жалғыз немересі болатын. Сабырдың әкесі ауылдағы
бірінші тракторист еді, оны кулактар тракторымен қоса өртеп жіберген. Енді
немерем қайда деп шал қырғынды салады-ау. Оған не деп жауап берем деген сайын,
үрей жоқ, қалшылдап барам. Сөйтсем әлгі шал балаларды шығарып салуға үлгіре
алмадым деп кешірім сұрауға келіпті... Мұндай да адал жандар болады екен. Бұрын
құдайға сенбесем де сол күннен бастап "осы кеткен жас жауқазындарымды
аман-есен үйіріне

қоса
көр" деп жалынбаған,
жалбарынбаған құдайым
жоқ. (Пауза.) Енді
міне, сол кез жасыммен сұрап, тілеп алған бала-бауырларым, тек бақытты болыңдар.
Әрдайым абыройдан
айырмасын, сендердің отбасы,
бала-шағаларың
аман болсын!..

И
с а б е к . Айша апайдың мына ғажап ниеті үшін, өткен күндеріміздің шұғылалы
сәулесі үшін алып жіберейік. (Бәрі соғыстырып
ішеді.)

А
й ш а  а
п а. Сендерді көрсем болды,
есіме Сабыр түседі. Өзі бір жалын атып тұрған бала еді ғой.

И
с а б е к . Құдай үшін, сөзіңізді бөлгеніме
кешірім сұраймын, осы бір сәтті пайдаланып, бір тост айтып жіберуге рұқсат етіңіздер... Айша апай бізді майданға
аттандырғанда бір класта оқыған бес
бала едік. Соның бірі біздің
ішіміздегі ең талантты, ең
парасатты, бәрімізден оқ бойы озық болатын. Әдейі
асырып айтып отырған жоқпын,
жасы бізбен түйдей құрдас
болса да, ақылға дегенде әкеміздей еді. Сондықтан, жолдастар,
арамызда жоқ
болса да, мына Айша апайдың алдында
сол Сабыр үшін бір алып қояйық.

А
й ш а  а
п а . Бағы жанбаған бейшара болды ғой, естуіме қарағанда ішіп кеткен көрінеді.

И
с а б е к . қанша дегенмен күні бүгінге дейін соның бұрынғы талантты шағына табынбай жүре алмаймын.

А
й ш а   а п а . Бұлардың
мектептегі балалық кезі
кызық еді. Өзіміздің қабырға газетіне Сабыр да, Исабекте нөмер сайын
өлең жазатын. Бір жолы, ұмытпасам, жетінші ноябрь мерекесінің алды, Сабырдың
өлеңінің астына Мергенов Исабек деп өзінің атын жазып қойыпты. Ал айқай болсын!

И
с а б е к . Ол да балалықтың
бір түрі, кешіріңіз, әрине,
шынына келгенде әдейі
бізді шатастыру үшін мына Өсіпбай сияқты қулардың
істеп жүргені, қазіргі
тілмен айтқанда,
провокационные происки...

Ө
с і п б а й . Әй, бауырым, жаланнан аулақ, бекер шатпа жұртты.

М
ә м б е т . Соны кім жазса да сенің мінезіңді білетін адам жазған.

И
с а б е к . Жоқ, жоқ,
олай емес, ағайын, ең
алдымен менің ақындығымның одан төмен екендігі жұрттың бәріне аянды. Оны өзім де мойындайтынмын. Сабырдың сенің сілтеуі деген бөлек, асқақ жататын.
Кейде арсы-гүрсі
төгіп тастаушы еді-ау.
Арамыздан қыл өтпейтін. Орын жетпегенде егіз қозыдай бір кроватта жа-

тып
та жүрдік. Солай емес пе, Айша апай?

Айша
апа. Ол кездегі татулықтарыңа жұрт қайран қалатын.

И
с а б е к . Білген адамға біздің буынның тарихы тамаша. Мына әйелдеріміз оның көбін түсіне бермейді...
Содан әлгі жерде артиллерия
училищесін бітірісімен бізді майданға жіберді. Бәріміз бір батареядамыз. Армияның артрезервінде тұрған кезіміз... Енді сол жерде тұрғанда... не айтайын деп едім, құдай-ау, есімнен шығып кеткенін қарашы.

Иосиф
Татаевич. Мүмкін менің сендерден қалып қоям деп госпитальдан қашып
шығып қуып жеткенімді айтайын деген шығарсың.

И
с а б е к. Иә, иә, ондай да болған. Бір-бірімізден айрылып қалсақ арам өлетіндей көретінбіз. Қайтсек те бірге болғымыз келетін.

М ә м б е т. Иә, майдан дегенің бұрынғыдан
да бауырластырып жіберді ғой. Сондықтан да оқ жауып тұрғанның өзінде өз басымызды
ойламай бір-бірімізден айрылып қаламыз ба деп, қорқатынбыз... Осы күні ойлап
отырсам бәріміздің ұйытқымыз Сабыр болған екен. Оның бізден гөрі ерте есеюі
былай тұрсын, тіпті көксе кемеңгерліктің сыңайын танытатын. Қазақ, қырғыз тілінде
шығатын дивизияның газетінде редакторлыққа шақырғанның өзінде бізді қимай зорға
кетті. Сонда неге екенін білмеймін, өзімізден-өзіміз ойсырап жетімсіреп қалдық.
Содан ба, құдайдың құтты күні есебін тауып бізге бір соғып кетеді. Соған қарамастан
Сабырдың екі ұлттың газетіне редактор болғанына іштей мақтанып жарыла жаздап
жүрдік. Аман-сау жеңіске қолымыз бір жетсе, ертең республикалық газеттің редакторы
өз ортамыздан шығады, жауынгер, айтулы ақын, бұл болмағанда кім болады деп
талай бөскен күндеріміз де болды. Балалық па, аңқаулық па, кім білсін, әйтеуір солай
сілтеуші едік.

И
с а б е к . Бәрі дұрыс-ау, бірақ, кейбір жағдаяттарды ұмытып кетіп
отырсың. Мысалы,
Сабырдың майданда жазған өлеңдерінің болмашы жерінен ілгешек іздеп әзеуреп отыратын кім еді? Ақынжанды адам төрелікті алдымен сенен
іздесе, сен келіп...

Мәмбет.
Айта бер... айта бер...

Досберген.
Ау, жолдастар, ағайындар,
бұл немене, қайда отырғандарыңды білесіңдер ме? Менің дастарқанымның үстінде, Фудзияманың басында...

А
й ш а  а
п а . Қой, балалар, өткен күннің
көзіне кіреуке түспесін. Әсіресе
майданнан жазған хаттарыңды айтсайшы. Бәрін де жылап отырып оқушы едім. Сабыр ылғи "Аса қадірлі Айша апа, Өсіпбай, Исабек, Мәмбеттің аман-саулығын
хабарлауға рұқсат етіңіз. Шайқаста бұлар талай фашистке қан жалатты. Мен де сондаймын" деп
жазар еді. Бір жолы Исабектің "бүгін
төрт фашисті жайраттым, апа"деген хаты келді. Қорыққаным сонша: "балапаным-ау, өзің
аман қалғаныңа шүкір" дедім ішімнен. (Бәрі күледі.)

Досберген.
Әй, ешкібас, мынауың не? Апа-ау, менің жанымда Қобыланды да, Ер Тарғын да
болған жоқ, осы Исабек болатын.
Ондай қайратын өзім көрген жоқпын. Қайдағы төрт фашист? Мүмкін, сен оларды бізден ұрланып жүріп өлтірген
шығарсың?

Г ү л ж а н . О, бейбақ, жөргегіңнен қағынып,
сол кезде-ақ сорлы сұмпайының қамытын киген екенсің ғой...

И
с а б е к . Сендер қызық екенсіңдер, тылдағылардың рухын көтеру үшін жазғанымды неге түсінбей
отырсыңдар. Шынтуайтқа келгенде біздің снарядтар жүздеп, мыңдап жайпап жатты. Неужели солардың
төртеуі менің еншіме тимейді.

М
ә м б е т . О, баққұмарлық, тарихтың тегеурінінің тетігі қайда жатыр!

Иосиф
Татаевич. Дегенмен, сен, Исабек ынсапты жігіт екенсің. Мынау есесіңмен жүзін өлтірдім десең де жұрт сенетін түрі бар.

А
й ш а  а
п а . Қойыңдаршы, Исабекке бәрің бірдей шүйлікпей, сол хаты құрығыр қайдан есіме сап ете қалды... бірақ енді ол да түсінікті.
Өйткені ол кезде маған күш-қуат
берген де сендердің хаттарың ғой. Кейде газеттен Сабырдың майданнан
жазған өлеңдерін оқығанда,
шүкір, майдандағы балаларым тірі
екен, міне, өлеңмен сәлем жолдап жатыр деп төбем көкке талай жеткен.
Сол кезде газеттен қиып алғандарым әлі күнге дейін сақтаулы. Ішінде сенің де өлеңдерің бар, Исабек.

И
с а б е к . Ой, Айша апай-ай, кезінде болды
ғой біраз нәрсе, бірақ, әсіресе
әлгі... Әттең... оны еске алғаннан не пайда қазір...

А
й ш а  а
п а . Білем, білем, амал не, осы күнге дейін соның анығына жете
алмай-ақ қойдым (Пауза.)

И
с а б е к . Өтіп кеткен соң, қанша айтқанмен ой да сергімейді, бой да сергімейді...

Иосиф
Татаевич. Өткендік өңірсітіп керегіне осы?

Мәмбет. О не
дегенің, өткенді ұмытқанда қайда қоясың? Қалай ұмытасың, ерте ме, кеш пе,
бәрібір осы әңгіме айтылу керек еді. Несін жасырамыз, Сабырдың тағдырына осы отырған
төртеуіміз де ортақпыз.

Иосиф
Татаевич. Мұны не пиғылмен айтып отырғанына түсінбеймін. Білетінім сол - өз арым таза. Әдебиеттің білгірі де, дүлдүлі де осы Исабек екеуің. Сабырмен
кейде айтысып, кейде аспанға көтеріп өлеңін
жатқа соғып жүретін сендер болатынсыңдар.

М
ә м б е т . Өсіпбай,
сен ол бұлтағынды қой,
сенде бермен қара, Досберген. Оның өлеңдеріне бәріміз де бас изеп, құлшына тыңдап құлдық  ұрдық па, ұрдық. Өтірік пе осы? Ол әрбір
жазған жолын бізге көрсететін. Енді
не жазар екен деп күтіп жүретінбіз. Мүмкін біз
болмасақ ондай ақын тумас па еді, кім білсін. Өйткені, ол өзінің ақындық
құдірет-қуатын алдымен біздің
тез-талқымыздан өткізетін. Дәлірек айтқанда,
мұзбалақ акынның топшысын қайрайтын жартасы, талантын шыңдайтын жалыны біз болатынбыз. Ол біздің рухымызды ту етті.

Иосиф
Татаевич. Әлбетте, албырт жас кезіміз, арамызда Сабыр болды, оны
жалған дей алмаймын. Бірақ ат құйрығын кесіп айтарым, әлгі өзіне пәле болып
жабысқан поэмасын мен құптамаймын. Неге ол жұрттың бәрінен ақылды, аспаннан
түскен философ болып көрінгісі келді. Ол тегін емес. Ондай өлеңдер менің ой
дүниеме де, жан сезіміме де жат.

М
ә м б е т.
Мен саған жаныңа жат дүниені жақсы көр деп отырған жоқпын ғой. Білгім келері - бір-ақ
нәрсе. Ол - Сабырдың басын
көлеңке шалғанда
бәріміздің әп-сәтте тайқып
шыға келгеніміздің себебі неде? Әрине, адам болған соң, күн сайын қан кешіп,
қазаға сүрініп жүрген соң бір қателесті-ау дейік. Бірақ біз онымен бірге өстік. Оның жан сырын бізден артық білетін кім бар еді. "Қолына қару алмаса, туған адам маған жат..."
деген өлеңді жазған сол ғой.
Осындай жырларымен, өзінің өрт мінезімен бізді баурап
алған жоқ па еді. Ол болмаса мүмкін сол баяғы оныншы класымызда
оқып қала бермес пе
едік. Мүмкін сол
Сабыр болмаса бүгін дәл осы
жерде, майданда өйттік,
майданда бүйттік
деп лепіріп сен де көкірегіңді былай соғып отырмаған болар едің.

Иосиф Татаевич. Сенің осы не айтқың келеді, жарқыным? Ал оны кейін босатты, ақтады, енді не керек. Қазір арақтан басқа ағайыны жоқ, бөркемік
болып шыққанына кім кінәлі?

М
ә м б е т . Бұндай сөзге қалай аузың барады,
о не дегенің?

Иосиф
Татаевич. Мен өзімнің беріп отырған бағамның дәлдігіне де, әділдігінеде
кәміл сенемін.

Мәмбет.
Міні, міні, көрдің бе,
сен кеше майданда бүгін бар, ертең
жоқ, қай жерде қылжиып
қалатынымызды білмей жанталасып жүргеннің өзінде, қайткенде жақсы көріну, қай жағы пайдалы екенін екі елі есіңнен шығармаушы едің.

Иосиф Татаевич. Әй, сен не деп көкіп
барасың? Өзің қайда
болдың сонда, әділет шындықты айтуға құмар болсаң сол кезде
тіліңді біреу суырып алып
кетті ме? Осыдан кейін менің дәл сенің өз басыңа
күмәнім бар. Кәне, мықты болсаң ақталып көрші. Ақталшы
кәне, факті, маған факті
керек. Штабқа барып Сабырдың үстінен өзің жеткізбегеніңе кім кепіл бола алады. Енді келіп бүгін өзіңді бейкүнә періштеге балап, жұрттың бәріне қыр көрсетіп айыпкер
іздейсің. Сөзге келгенде сорлы
емессің, бірақ оның
сенің ақтығыңа
тигізіп жатқан пайдасы шамалы. Ау, баяғыда өтіп кеткен оқиға, шұқылайсың келіп,
шұқылайсың келіп, мүмкін
өз

кінәңді біреуге аударудың тәсілі шығар бұл да.
Олай емес деп дәлелдеп көрші кәне.
Дәлелдеші, егер түп қазығына таяп айтсам, мен
сендердің бәріңе де, Мәмбет саған да, Досберген саған да, Исабек саған да
күмәнім бар. Естеріңде болсын, өзім бұдан аулақпын, өйткені
өзімді-өзім білем.

М
ә м б ет. Сенің бәрімізге де күмәндануға хақың бар.
Біз бір- бірімізге,
соның ішінде саған да күмәндіміз. Неткен сұмдық, бірақ сұмдықтың ең көкесі Сабырды алып кеткенде
бәріміздің үнсіз қалғанымызда
жатыр... Біздің қара
бет, масқара болған жеріміз сол. Сол үнсіздікті өз басыма өлгенше
кешірмеймін. Мен сен сияқ-

ты
жұрттың бәріне күмәнданғым
келмейді. Маған Сабырға жала жапқан
адамның кім екенін, неге
өйткенін білсем болды...
Білген күнде де ол адамға не істерім бей мәлім.
Тек осы өмірден тыныш кетер
едім.

Досберген. Адам болғандағы түріміз осы болса жетіскен екеміз. Шетімізден күнәқар иттен жаралған болып шықтық қой. Ойпырым-ай,
не деп кеттіңдер! Енді қалай күн көрдік... Ал әңгіме былай,
өткенді қайта-қайта айтып шашыңды жұлғанмен, одан Сабырға тиер көк тиын пайда жоқ. Сабырға менің жаным ашымай ма, ашиды. Поэзия дегеннің менің мұрныма иісі де
кірмейтінін өздерің білесіндер... Сабырдың өлеңдері,
енді дұрыс қой,
бір кездегі мені мазақтап, әлгі не деуші
еді, эпиграмма дегеннің талайын жазды. Одан Исабек те, Өсіпбай да құр қалған жоқ.
Исабекті "Сөйлеп кетсе автомат, ұйықтап жатып мақтанад" десе, Өсіпбайды
"Асхананың бөрісі, мектептің жаяу серісі" деп қатыратын. Мені де ондырмайтын,
үстіңнен дәл түсіп жатса қалай ренжисің, мен мұның бәрін айтып отырғаным,
жолдастар...

И
с а б е к . Тоқта,
тоқта, алаламай айт, айтқыш болсаң, мына Мәмбетте сыбағасын алған. Есіңде ме,
"Әділет деп Мәмбетім
еңірейді, көз алдында тұрса-дағы көрмейді" деуші ме еді?

Досберген. Талай сілейтті ғой. Шынында да Сабыр өзіне қандай сенсе, бізге де сондай сенетін. Бет-жүзіне қарамай басып салатын. Достыққа бәрі жарасады екен ғой. Әлде, сол, еңсеміз
түсіп жүргенде көңіл көтерсін
деді ме, кім білсін... Айтып-айтпай немене,
болар іс болды, бояуы сіңді,
құр бекерге маңдай төбелегеннен не пайда, онан да давай
замнем вопрос для ясности.

А
л м а г ү л . Жоқ, жоқ, кешір, Досберген, абзалы мына біздер отырғанда бұл әңгімені бастамауларың
керек еді, өздерің жеке кездескенде
бір сәрі. Ал енді бастаған екенсіндер, онда...

Г
ү л ж а н . Алмагүл дұрыс айтады. Енді сендердің әйелдерің бір кездері араларында не болғанын білмей
қоймайды... Оның үстіне,
отырған жұртты сыйлау керек. Бізді былай қойғанда, Айша апай қандай ойда
отырғанын кім білсін, бесеуіңнің бәрің тірі, өлген ешкім жоқ, сендер бірі туралы
өлген, жоғалған адамдай айтып отырсыңдар... Сонда сендер жайлы біз не ойлауымыз керек? Бұл не деген сұмдық. Жо-жоқ, былай қалдыруға болмайды, онан да ақиқатына
жетуді қарастырайық.

М
ә м б е т. Оның ақиқатына
жетсек, өзімді ең бақыттының бірі дер едім.

И
с а б е к . Жалғыз сен емес, бауырым, бәріміз де сол.

А
й ш а  а
п а . Ұзын құлақтан естуіме қарағанда, Сабыр майданда бір поэма жазады,
сол үшін айыпталып сотталады, кейін бейкүнәлігі
анықталып ақталады.
Бірақ оның неден басталып, қалай болғаны
сендерге ғана мәлім. Тек
айтарым, сендердің бесеуін де маған қолымның бес
саусағындай бірдей қымбатсыңдар. Сабырды соғыс кезінде жастар соншалықты жақсы көретін. Оның өлеңдерін өзінің антындай жатқа соғатын. Жуырда интернаттың қырық жылдығына байланысты мектеп музейіне
материалдарыңды
жібер деген хатыма "Аса құрметті Айша апа, мені Ұлы Отан соғысында қаза тапқан
дей салыңыз! Сабыр" деп қол қойыпты. Бұған не айтарсың. (Пауза.) Бұл неткен жұмбақ? (Пауза.)

И
с а б е к . Осы жұмбақ төңірегінде
көп ойландым... Біз майданға
Батыс Украинада түстік. Фашистер біздің шабуылымызды тоқтатуға бар күшін салып бақты. Бірақ тегеуірінге шыдамай шегініп бара жатты. Ұзамай шекараға жетеміз - Отан азат болатынын бәріміз де білдік. Соғыс дегеннің бөлек заңы, бөтен ережесі болады, адамның ой-сезімін де бағындырып өзгеше сергек серпін туғызады. Сол кездегі Сабыр тамаша жалынды жырлар
жазды, ол туындылар жаңа Айша апай айтқандай бүкіл жастардың,
біздің туымызға айналды. Мына алдарыңызда отырған пақырыңыз да сол бір күндері
төгіп-төгіп тастады. Менің
жазғанымның бәрін де Сабыр өз газетінде жариялады. Енді сол майдан жырларымды тандамалы шығармаларыма енгізгелі отырмын. Онша көп
емес, үш томдай болып қалар, юбилей дегеннің де төбесі көрініп
келеді. Айта беретін елу
"жылдарымның жемісі осы"
деп, оны да кімнің дұрыс қарсы алғысы келмейді дейсің.

Г
ү л ж а н . Тірі болсақ, көре жатармыз... Сонымен Сабырдың жағдайы не болды?

И
с а б е к . Қырғын
шайқаспен мемлекеттік шекараға жеттік-ау әйтеуір. Отан басқыншылардан мәңгі бақи босады
деген қуанышта шек жоқ. Содан
кейін... бұл менің жеке өз басымның пікірі, байқаймын,
Сабырдың мінезі өзгеріп сала берді. Бір жолы
өзінің жігерлі жырларына ұқсамайтын, тіпті Сабыр жазды деуге келмейтін
өлең оқыды. Ол кесел боп жабысқан поэмасының бас жағы болатын. Дәл қазір есімде жоқ, бірақ мағынасы "қан қазадан жирендім, шайқастан да жалықтым, азат болды Ұлы Отан. Енді, тағдыр, қанат бер, Алатауға ұшамын", - деп
келеді де, әрі қарай кете береді.
Сондай бір мұң-зарға толы дүние...

А
л м а г ү л . Онда не тұр, адам баласына тән сезім толқыны емес пе, аңсау, арман, сағыныш...

И
с а б е к . Сабыр ет, Алмагүл, мұның төркіні тегін дүние емес,

М
ә м б е т . Осы өлеңді
неге жазғанын сол кезде өз басым түсінген жоқпын... Рас, өз жерімізді жаудан
азат еттік, бірақ шайқас онымен
аяқталған жоқ
қой. Тарихтың таразысында Европа халықтарының тағдыры
тұрды. Оларды фашизм шеңгелінен азат етуге құдірет-күші
жететін тек біз ғана болдық.
Отанына шексіз берілген парасатты
ақын азаматтың осыған түсінбеуі қалай? Өз поэмасының рухына жат жылаймандықтың қайдан пайда болғанына таң қалдым? "Бағы заманнан тарих соғысқа соғыспен жауап беріп келеді. Сен осыны түсін, Сабыр, соғыс
мұраты - жеңіс", - деп талай
айттым.

Г
ү л ж а н . Немене, сонда саған қарсы
дәлелі болды ма?

М
ә м б е т. Қайдан
болсын, тек бір жолы "осының қаншама өмірді қыршынынан қиып, қаншама қан қазаға душар ететінін байқайсың ба", - деді. Мен тұрып, "оған не дау бар, қаншама
қырғын болса да тарихтың бізге қойып отырған бір-ақ талабы бар, ол - жеңіс салтанаты", - дедім.
"Дұрыс айтасың, бұл
ақиқатты мойындаймын", -
дей тұра сол алғашқы бағытта
поэмасын жаза берді. Қолы калт етсе соның үстінде, ұйқысы да,
күлкісі де азайды. Тіптен көз алдымызда қартайып бара жатқандай болды...
Поэмасы "Дабыл үні өшкенде" деп аталатын.

Қалса бір сәт дабыл үні үзіліп,

Өре тұрып аруақтар өрімдей,

Жұрт
көзіне көрінбей,

Маған
қарай шұбырады тізіліп.

Көмегім
жоқ, қол қысқа,

Көрсете
алман көздеріңе таңдарды,

Қандай
сөзбен жұбатармын

Кеше
алапат соғыста

Опат
болған жандардың

Ажал
бәрін теңгерді.

Зар адамды,
пендені,

Қараға
да, ханға да,

Жақсыға да, жаманға

Бөлмейді
ешкім өлгенді.

Келсе
алдыма жиылып,

Өтінсе,
егер қиылып,

Не
айтармын оларға -

Жақын
да емес, жат та емес,

Кім
деп енді санарға!

Асық етіп адамды -

Атып
ойнар әлде біреу бар ма екен?

Қайғы-зарға
қамаулы -

Адам
деген әлде сорлы аң ба екен?

Сендірем
бе,

Көңдірем
бе уәжіммен

Бірі
қалмай маған келген күнде де.

Келіп
кетер не бар менің сөзімнен

Жүргендерге
енді босқа дүниеде.

Осылай
кете береді кәдімгі өз
жан-күйінің толғағы. Қан
кешуден жаны түршіккен адуын ақын адал жүректің, тағдыр-таланының жанын қинаған
сауалына жауап іздейді. Әр жаңа тарауы бітісімен бізге әкеліп оқитын. Кейде
бәріміз, кейде екі-үшеуіміз бас қосып қаламыз. Дауыстай оқуға жаны құмар еді. Тыңдаушылары барына
мәз болып рахаттанатын...

Ә
н у а р . Бет алдына шұбырта
бермей, ақыры не болды, соны айтсайшы.

М
ә м б е т. Қысқа қайыратын бұл қылжақ анекдот емес.

И
с а б е к . Қыска
қайыру талантпен қарындас.

М
ә м б е т . Қысқа шығармадан алған ақша күрмеуге келмейді деуші едің бір кезде сен!

И
с а б е к (қысылып қалып). Осы жерің орынсыз, достым! Керегі не сондайдың...

М
ә м б е т . Сөзімді бөле берме, немесе өзің
айт. Даусың дірілдеп, көзің жасаурап,
Сабырдың өлендерін алдымен
мақтайтын сен болатынсың.

И
с а б е к . Айналайын, өзің бастадың, енді өзің аяқта. Мен мақтасам,
ақын Сабырдың өлеңдерін
мақтадым, оның жөні бір басқа.

Мәмбет.
Бір басқа дегеніңе жол болсын!
Бірге өстік, бірге соғыстық, бәріміздің тыныс, тірлігіміз ортақ емес пе еді. Сөйтіп жүргенде сенің оған шындықты бетіне басып айтуға батылың
жетпеді.

И
с а б е к . Бізде хабардар болайық,
жарқыным. Сен қай шындықты айтып қарық қылып едің?

М
ә м б е т. Мен әз ойымды
одан ешқашан бүккен жоқпын. Шамам келгенше сақтандыруға тырыстым. "Мына поэманың
идеялық өресіне қарсымын.
Қаншама тамаша жазғаныңмен өзіміз азаптағыларды азат етушілер бола тұрып, қаза тапқандардың бәріне жоқтау
айтып, қара жамылып, зар
шегуіміз дәл қазір орынсыз, орынсыз емес-ау, ағаттық,
адасқандық",-дедім. "Олар бостандық үшін
жанын пида етті, енді біз бүгін күрестен бас тартып, солардыжоқтап қол қусырып отыруымыз керек пе", - дедім!

А
л м а г ү л . Адам қашан да болса
өлгендерді аза тұтады.

Мәмбет.
Жеңіске жеттік,
аза тұту аз болды ма? Ол кезде соғыс әлі аяқталған жоқ. Әлем өмір мен өлім үшін арпалысып
жатты.

И
с а б е к . Әрине, Сабырдың поэмасының
идеялык күңгірттігі былай тұрсын, түп-тамырымен қате болатын.

 
Мәмбе-т. Мұны бүгін айтып отырсың ғой,
ол кезде мақтағанда аяқ-қолын жерге тигізбеуші едің. Ол сенің сөзіңе құдайдай сенетін, акыры сол мақтауыңорға жықты.

И
с а б е к . Мақтадым,
одан қазірде бас тартпаймын. Өлеңдігін алғанда сирек кездесер шырқау шабыттың жемісі болатын. Жасырмаймын,
жан жүрегіммен қуандым. Ал ашығына келсек, Сабыр екеуіміздің достығымыз сен сияқты
төбелеспен аяқталып, артынша
штабқа жүгірген мен емес.

М
ә м б е т. Ақыры еске салғаның мұндай жақсы болар ма. Осыны сен айтатынынды
біліп едім.

И
с а б е к . Көзі ашық әулиелігіңді басына шайнап жақ өз арым таза,
бітті. Сен не болсаң ол бол, онда ісім жоқ.

Досберген.
Шамалы былай, айқай-шусыз бола ма? Бүгін бәріңе
бірдей не жау тиді? Немене сонша? Қайда
отырғандарынды ойласандаршы. Жоқ,
жігіттер, бұл.

А
й ш а а п а . Мәмбет, Сабырға қол жұмсауға
қалай дәтің барды.

М
ә м б е т. Болары болды, Айша апа, бәрі сол поэманың кесірінен. Блиндажда Сабыр
екеуіміз ғана отыр едік. Ерегісе келе "Ақыным, сен адал, әділ жолыңнан
адастың" дедім. "Өнерде салулы сара жол
жоқ, әр акынның жүрегі өзінше жол табады -
өлшеміңезіңе" деді ашуға булығып.
"Олай болса сен барып тұрған қара басынды ғана
ойлайтын қорқақ, су
жүректің өзісің" дедім.
Сұп-сұр болып алды да, жағыма
тартып-тартып жіберді. Шыдайын ба, мен де сілтеп қалдым. Төбелес басталып кетті. Сосын, сосын жалт бұрылды да алды-артына
қарамастан кете барды.
'Куып жетіп, "екеуіміз бүгіннен бастап жаумыз, ертең біреуіміз оққа ұшсақ, жүрегіміз селт етпейтін болсын!'1дегенді айтпақшы да
болдым, оның реті келмеді. ' Ұзақ жылдар көріспей кетуіміздің басы сол
күннен басталатынын мен онда қайдан білейін. Төбелескеніме еште өкінбеймін,
сондағы айтқан ауыр-ауыр сөздеріме өкінем. Қан майданда жүріп қайран ақын бүкіл
адам баласының басына түскен тауқыметтің салмағын сезген екені сондай адал досымның
бет-жүзіне қарамай балағаттап, сонша кінәлауға қалай аузым барды екен десейші.
Бақсам, ол адам атаулыға тән акиқаттың мәңгі құпиясынан сыр шертпек екен. Оның
кілтипаны да көп, кешегі қырыстық көрінетін акындық асқақ құдіреті де сонда
жатыр екен. Мал не, оның бәрін кеш, соғыстан кейін ұқтым. Сол екеуіміз шекісіп қалғаннан
кейін көп ұзамай оны қолжазбаларымен алып кетіп, ұзақ жылдар үйірінен айырмағанда,
мүмкін мына біздер дәуіріміздің ұлы ақындарының бірімен замандас атанар ма
едік, кім білсін!

И
с а б е к . Тамаша! Әрі ырғап, бері ырғап отырып ақыры бір байламғатірелдің-ау
сенде. Сабырдың сол поэмасындағы
негізгі ойдың өзегі түптеп
келгенде теріс демейсің ғой, солай ма? Демек, мен кезінде оның өлеңдерін "дауысым
қалтырап, көзім жасаурап"  бекер мақтамаған екенмін. Ақын жүрегі
мен ақын әруағын сонда анғарған боп шықтым ғой...

М
ә м б е т (бөлігі). Сен түлкі бұлтаққа салғанды қой. Өзің жаңа ғана "Сабырдың поэмасының идеялық көмескі күңгіртгігі былай тұрсын,
түбірімен қате болатын" деген
жоксың ба? Мен өзімше талдай
отырып түп-тамырын тануға тырыссам, сен қиғаштай
келіп килігесін де, тағы өз пайдаңа карай
тартасың. (Пауза.) Әңгіме Сабырды терең толғандырған рухани қат-қабат
қайшылықтын сол кездегі ішкі сырын осы төртеуіміздің
біріміз ұкпағанымызда жатыр. Толғаныс
үстіндегі рухани қайшылық;
суреткердің қылмыс, кінәсі
емес, онын шынайы шындықты
іздену жолындағы диалектикасы. Өтелмес өкінішім де - осыны кезінде аңғармағандығым.

И
с аб е к . Байқаймын,
сен бүгін біраз сырғыдың. Бұл қай қырың
көрсетіп отырған.Менің адалдығыма
күмән келтіруге қандай проваң
бар.Жаным-ау, штабқа тұра
жүгірген мен емес шығармын.


ә м б е т. Әрине, сен
емес, мен, мен жүгірген.

Шымылдық